Ғалым: Болашақта адамдарға ағаш жегіземіз

Ғалым: Болашақта адамдарға ағаш жегіземіз

АҚШ-тық биоинженерлер ағаш целлюлозасынан ас крахмалын алу технологиясын жасап шықты. Зерттеушілер 200 килограмм целлюлозадан 20 килограмм крахмал алуға болады деп отыр.

Айта кетелік, 20 килограмм крахмал адам ағзасын қажетті көмірсумен 80 күн бойы қамтамасыз етуге жетеді. Ғалымдар "тағамды" ағаш өңдеуші фабрикалардың қалдықтарынан өндіруді ұсынады. Жобаны жүзеге асыру үшін бір миллион доллар қаржы қажет, деді олар.

Мамандар болашақта технологияны жетілдіріп, өндіріс шығынын азайтуды жоспарлап отыр. Биологтар, осылайша, көмірсудың адамға қажетті бір күндік нормасын алуға 50 центтен артық қаржы жұмсамаудың жолын қарастыруда.

2050 жылы жоба планета тұрғындарының 30 пайызын арзан азық-түлікпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бір қызығы, мамандар бұл америкалық әдіс болашақта биоотын өндірісінде де пайдаланылуы мүмкін екендігін айтты. Айта кетелік, қазіргі кезде биоотын қант құрағы мен жүгеріден алынады.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: minipedia.org.ua

Massaget