Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / Мектептегі 10 қателік

Мектептегі 10 қателік

Мектептегі 10 қателік

Айтыңызшы, мектепте география, физика, химия сабақтарын жақсы оқыдыңыз ба? Шамасы, тисе терекке, тимесе бұтаққа деп қашқаныңызды біліп отырмыз. Сондықтан да, бүгін мектеп қабырғасында кеткен қателіктерді мамандар тұжырымдарына сүйене отырып, бірге түзеп көрейік. 

10-орын: Судың көкшіл болып көрінетіндігі – көк аспанның көлеңкесі түсетіндіктен деп санамызға сіңіріп алғанбыз. Мұның негізгі себебі су молекулалары көктен басқа күн спектірінің сәулесін түгелдей дерлік жұтып алады. Қысқасы, әсер көзге байқалмайды, оны тек судың бір метр тереңдігінен ғана көруге болады. Шалшықтардың көгілдір болмайтындығы да осымен тығыз байланысты.

9-орын: Жыл маусымдары бір сызықтың бойында емес. Жер тез айналып, оның орбитасы күнге жақындағанда, Оңтүстік жартышарда жаз болады (Солтүстік жартышарда қыс).

8-орын: Ең көп таралған қателіктердің бірі – тұмау ауа-райының қолайсыздығынан суық тигізіп алғандықтан пайда болады деген тұжырым. Шын мәнінде тұмауға ауа температурасының еш қатысы жоқ, ол вирустармен тікелей байланысты.

7-орын: Сатурн - жалғыз "сақиналы" планета емес. Юпитер де, Уран да, Нептун да сақиналы келеді. Бірақ, Сатурнның сақинасы ғарыштан айқын көрінеді.

6-орын: Жылы ауаға қарағанда, суық ауада су тамшылары көп мөлшерде болуы бұлт түзілуге себепші болады деген пікір қате. Бәрі де судың температурасы мен қоршаған ортаның температурасына байланысты. Осы ғана бұлттардың түзілуіне, дымқылдануына, булануына әсер етеді.

5-орын: Көп адамдар Христофор Колумбты жердің дөңгелек екендігін алғаш рет дәлелдеп шыққан ғалым ретінде таниды. Шын мәнінде теңізшілер жердің дөңгелек екендігін Колумбтан бұрын білген.

4-орын: Ұлы Қытай Қорғанын ғарыштан көрінеді деп жар салып жатамыз. Негізінде қорған төмен орбитада тұрғанға ғана көрінеді. Және мұндай орыннан теңіздегі кемелерді, темір жолдарды, тіпті бірнеше ғимараттарды көруге болады. Одан төмен орбитада бұлардың бірін де көре алмайсыз. Сондықтан Қытай қорғаны туралы бұл көзқарасты тым әсірелеушілік деуге әбден болады.

3-орын: Радиоактивтілік адамзаттың табысы емес. Бізді қоршап жатқанның бәрі де табиғи радиоактивтілік болып табылады. Радиацияны жер қабығы сәулелендіреді, ал ғарыштық сәулелендіру мен күн радиациясы орасан зор қуаттың нәтижесі.

2-орын: Антибиотиктер вирустарды өлтірмейді. Атауының бактерияларды өлтіретіндігін айтып тұрғанымен, бұл да жаңсақ пікір. Сондықтан тұмау секілді вирусты ауруға шалдыққанда, антибиотиктер ішіп әуре болмаңыз.

1-орын: Айдың "қараңғы беті" жоқ. Ай Жерді айналып жүреді, яғни орбитасы біздікіне сәйкес келеді. Серігіміз Күн мен Жердің арасына келгенде, оның арғы жағы сәулеленеді, ал бергі жағы көлеңкеде қалады. Ал Жер Күн мен Айдың ортасына келгенде ар жағы "түн", бер жағы "күндіз" болады.

Суреттер:byaki.net

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

6259 8
Рейтинг: +5

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 19 сәуір 2013, 16:51
Пікірлер
+0
19 сәуір 2013, 16:17

Расында да....

+0
19 сәуір 2013, 17:37

((( бізді қате оқытқан ба сонда???

+0
19 сәуір 2013, 18:21

:x :D :) ;) :( :o :shock: :? 8-) :lol: :P :oops: :cry: :evil: :twisted: :roll: :!: :?: :idea: :arrow: :| :mrgreen: :geek: :ugeek:

+0
20 сәуір 2013, 14:22

11 қателік - Жер шар тәріздес емес, доп тәрізді :idea:

+0
21 сәуір 2013, 16:25

Көп адамдар Христофор Колумбты жердің дөңгелек екендігін алғаш рет дәлелдеп шыққан ғалым ретінде таниды деп мүллде ойламаппын мұғалім бізге ол Колумия елін және Үнді елдерін ашты деді ал жердің Домалақ пішінді дегенді ең алған Фернандо Магилан тапты

+0
27 сәуір 2013, 22:30

5-орын, Өзіңіз қателестіңіз, Колумб дәлелдеген ол ақиқат, одан бұрынғы теңізшілер білген бірақ дәлелдей алмай келген. Ал 8-орыныңыз масқара екен бізге олай айтқан ешкім болған емес, керісінше тұмау вирусы деген сөзді көп еститінбіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...