Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да таланттар топ жарды

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да таланттар топ жарды

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ- да жыл сайын дәстүрлі түрде ректордың қолдауымен және бастамасымен "1 курс таланттары" көркемөнерпаздар байқауы өтеді. Биылғы жылы да гала-концерт өз деңгейінде өтті. Ө.А.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайының іші толған қонақтар, ұстаздар, студенттер. Бәрі өз факультетін қолдай келген жанкүйерлер. 

ҚазҰУ-дың әрбір концерті шашауы шықпай, қыздың жиған жүгіндей керемет өтеді. Еліміздегі көшбасы орда болғаннан кейін қойылатын талаптары да қатаң. Назарларыңызға кешегі өткен байқаудың қызықты әрі есткен кетпес суреттерін ұсынамыз.

Екі апта уақыт ішінде үш кезеңнен өтіп, көмбеде топ жарған таланттардың марапатталу сәті.

ҚазҰУ-дың мың бұралған бишілері 

"Жетіген" аспабында өнер көрсеткен сұлулар 

 

Халықтың көзайымы болған бишілер қауымы 

"Қыл қобыз" құлағында ойнайтын қыздардан құралған трио

Жүзден жүйрік шыққан студенттер 

Күміс көмей, жез таңдай қыздың әні көрерменді бір серпілтіп тастады 

Сурет авторы: Mara Beey

М. Ақан