Студенттік өмір, бұл...

Студенттік өмір, бұл...
Фото: voxpopuli.kz

Массагет ұжымы студенттер қауымын Халықаралық студенттер күнімен шын жүректен құттықтайды. Алған білімдеріңізді ақтап, елімізге еңбегі сіңетін азамат болғайсыздар!

Студенттік өмір, бұл – өмірлік достар табу.

Студенттік өмір, бұл – лекцияда тез жазып үлгеру.

Студенттік өмір, бұл – алғашқы махаббат.

Студенттік өмір, бұл – шәкіртақыны бір күнде жоқ қылу.

Студенттік өмір, бұл – ата-анаңды сағыну.

Студенттік өмір, бұл – еттің иісін қанша аңсағаныңмен, бәрібір Катя апайдың «БигБонымен» шектелу.

Студенттік өмір, бұл – сабақта ұйықтап қалу.

Студенттік өмір, бұл – бір дәптерді төрт сабаққа арнау.

Студенттік өмір, бұл – ұнататын адамың үшін сабақтан қалмау.

Студенттік өмір, бұл – баға үшін апайдың артынан қайтпай жүгіру.

Студенттік өмір, бұл – сабақтан қашып, асханаға бару.

Студенттік өмір, бұл – сынып жетекші мен кураторды шатастыру.

Студенттік өмір, бұл – үлкен өмірге деген бастама.

@. @assel_assanova