Студент: Қандай жұмыс істеймін?

Студент: Қандай жұмыс істеймін?
Фото: voxpopuli.kz

Жаңа оқу жылы басталуына да санаулы күндер қалды. Біз алдыңғы материалымызда шәкіртақыны не үйден жіберетін ақшаны үнемдеу жөнінде біраз кеңес ұсынған болатынбыз. Ал екі нұсқа да сай келмейтін студент қайтеді? Ақшаны өзі табады. Үлкен қалада талпынған адамға барлық жағдай қарастырылған. Мамандығыңыз бойынша жұмысқа орналасу мүмкіндігі болмаса, мына нұсқалар сізге арналады.

Телефон орталықтарында, яғни CALL-центрде жұмыс. Ол үшін дауыс мәнеріңіз жағымды, сөзіңіз жеңіл де түсінікті болып, адамдармен тіл табыса білуіңіз керек. Талаптың барлығына сай болмасаңыз, талпынысыңыз күшті болсын. Уақыт өте келе үйреніп кетесіз. Міндетіңіз: келген қоңырауларға жауап беріп, электронды хаттарды реттеп отыру. Кейде телефон арқылы сауалнама жүргізіп, жарнама ісімен де айналысу тапсырылуы мүмкін. Жұмыс өнімділігіне қарай айына 30-90 мың теңге аралығында табыс табуға болады.

Репетитор. Бір саланы өте жақсы білетін болсаңыз, білгеніңізді өзгеге үйрете білетін, ұғындыра алатын қабілетіңіз болса, бұл жұмыс сізге қолайлы. Мектепте оқып, мұғалімнен тәлім алған әр адам үшін өзі мұғалім болу аса қиынға соға қоймайды. Сіз бірнеше адамды емес, бір ғана адамды оқытатын боласыз. Ол үшін тек сәл төзімділік, мұқияттылық қажет. Жарнама орындарына қай салада кімді оқыта алатыныңызды нақты, түсінікті етіп жазасыз да, қоңырау күтесіз не өзіңіз интернеттен іздеп, мүмкіндігіңізге сай (оқыта алатын, уақытыңызға сәйкес) жарнама бойынша хабарласасыз.

Көпшілік көрермен (массовка) болу. Ток-шоу секілді теледидарлық түсірілімдерге баруға бір не бірнеше күнге келісесіз. Көп жағдайда бір күнде бірнеше түсірілім болатындықтан таңертеңнен түнгі мезгілге дейін отыруға тура келеді, сонымен бірге бір түсірілімде 2-3 сағат қатарынан қозғалмай, артық қимылсыз отырасыз. Келісім бойынша көрермен ретінде қатысушыларға, қонақтарға сұрақ қойып, белсенділік танытып отырсаңыз да болады. Көпшілігінде күніне 1000-5000 теңге төленіп, үш мезгіл тамақтандырады.

Жалғасы...

@. @assel_assanova