Семейде алып диплом әзірленді

Семейде алып диплом әзірленді
Фото: 24.kz

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің оқытушылары алып диплом әзірледі, - деп хабарлайды, 24.kz порталы.

Оның биіктігі - 1,5 метр, ені 1 метрден асады. Бұл туралы оқу орнының баспасөз қызметі хабарлап отыр. «Бұл – биылғы университет түлектеріне диплом беру рәсімін ерекше өткізу туралы ұсыныстан туған дүние», - дейді ұстаздар қауымы. Білім ордасын бітірушілер алып дипломмен суретке түсіп, жүрек бейнесіндегі флешмоб жасады. Әуеге түрлі-түсті шарлар ұшырылып, кеш концерттік бағдарламаға ұласты.

Е. Жұмабайұлы