Көпшілік түсіне бермейтін 25 сөз

Көпшілік түсіне бермейтін 25 сөз
Фото: zastavki.com

Біздің бүгінгі қоғамда көпшілігі түсіне бермейтін, тек белгілі бір адамдар ғана қолданатын сөздер баршылық. Мәселен, "экивоки" сөзі. Экивоки – екімағыналы ишаралар, айғақтар дегенді білдіреді екен. Сол секілді бірнеше сөздің мағынасын түсініп, сөздік қорыңызға қоссаңыз артық етпейді.

1. Фрик – əлеуметтік стереотиптерге қарсы, дүниетанымы бөлек, сырт келбеті экстравагантты, өзгеше, жарқын тұлға

2. Экивоки – екімағыналы ишаралар, айғақтар. 

3. Тролль – ғаламторда арандатушылық əрекеттер жасайтын бейне. 

4. Девиант – қалыпқа сай келмейтін адам. 

5. Катарсис – қатты уайымнан кейін өзгеретін түсінік (сана). 

6. Атара́ксия – жан тыныштығы, сабырлылық, ақылдылық. 

7. Идеолатрия – өзін-өзі жақсы көру, өз-өзіне табыну. 

8. Депривация – өзін қанағаттандыратын қажеттіліктердің жеткіліксіздігін сезіну. 

9. Амок – кенеттен туындайтын психикалық бұзылу. 

10. Фрустрация – өмірден түңілу кезеңі. 

11. Палинфразия – тілдегі нақты сөздер мен фразалардың жиі қайталануы. 

12. Антимония – бос сөз, жай əңгіме. 

13. Гаптофобия – басқа адамдарға жақындауға деген қорқыныш. 

14. Моджо — бастапқы мағынасы: бақыт пен сəттілік əкелетін африкалық сиқырлы тұмар, қазіргі мəдениетте бұл сөз жұмсауға болатын ерекше дарындылық сияқты позитивті жағдай дегенді түсіндіреді. 

15. Фетиш – ой елегінен өтпеген, соқыр табынушылық объектісі.

16. Дистиния – ұнжырғасы түскен, сағынған көңіл-күй.

17. Гештальт – психиканың алғашқы негіздері немесе қандай да бір толық білім арқылы көрінетін пішін не образ. 

18. Сентенция – насихат, уағыз. 

19. Цугцванг – шахмат ойынындағы ойыншының жеңілісіне əкелетін мəжбүрлі ходы. Кең мағынада алсақ, тек жағдайды қиындататын түрлі іс-əрекет. 

20. Фриссон – дененің тітіркенуі. 

21. "Баспалдақ (сатылы) ақыл" – пікірталас аяқталғаннан кейін санаға оралатын сəтті аргумент. 

22. Текстроверт – өз сезімін көзбе-көз айтқаннан гөрі, смс арқылы жеткізуі оңай адам. 

23. Глоссофобия – ел алдында сөз сөйлеуге (өнер көрсетуге) қорқу. 

24. Верификация – теорияны практика арқылы немесе сəйкестігін білу үшін жай ғана тексеру. 

25. Эпатаж – əдейі, қасақана, жорта.

Ж. Жұмағұлов