Тіс туралы қызықты деректер

Тіс туралы қызықты деректер
Фото: konsul-st.ru

"Қай жерің ауырса, жаның сол жерде" дейді дана халқымыз. Бас ауруы, бел ауруы тіс ауруының жанында түк емес боп қалатыны өтірік емес. Тісіңіз ауырса жаныңыз байыз таппай кетеді. Айтайын дегеніміз, ол емес әрине. Тіс те біз үшін үлкен мәнге ие. Тіс шайнау құралы. Егер тісіміз жоқ болса, тамақ жей алмай қалар едік. Тіс туралы ең қызықты деректер топтамасына назар аударыңыздар!

Сәбилерде тіс шірігі болмайды. Көбінесе бактериялар анасы сәбиін сүйген немесе ыстық тамақ берген кезде беріледі.

Күніне 3 рет тәтті тағам немесе газдалған сусын ішкен адамда тіс проблемасы болады. Мәселен, тіс шірігі секілді тістің түсуі,  62%-ға дейін эмальдың кетуі.

Статистика бойынша адамдар орта есеппен ғұмырының 38,5 сағатын тіс тазалауға жұмсайды.

Темекі шегетіндердің тісі шекпейтіндерден үш есе нашарлайтыны айтпаса да түсінікті жайт.

65 жастан асқан адамдардың 40%-ының өз тісі болмайды.

Адам баласы өмір бойына 10 000 литр сілекей шығарады. Жас ұлғайған сайын сілекей мөлшері де төмендеп, стоматологялық проблемалар туындайды. 

Ұлуларда тіс жоқ дейтін болсаңыз қателесесіз. Ұлудың өте кішкентай болғанмен, оның 25 000 тісі болады.

Тіс пастасы осыдан 100 жыл бұрын пайда болды. Оған дейін адамдар бормен, көмірмен, лимон шырынымен тістерін тазалаған. 

Ж. Жұмағұлов