Иттің тілін түсіне білесіз бе?

Иттің тілін түсіне білесіз бе?
Фото: oboi-na-stol.com

Оңбағандық жасаған адамға жөн-жосықсыз "ит екенсің" деп жатады. Керісінше, иттер адамға қарағанда адалырақ болып келеді. Иесіне айнымас дос болады. Ит асырайтын адамдар оны далада ұстаса да, үйде ұстаса да әртүрлі қылықтарын байқайды. Алайда оның не белгі екенін түсіне бермеуі мүмкін.

Аяғыңыздың астына отырып алса, ол сізді жақын бауыры деп қабылдағаны, қуана беріңіз. Ал ол тым жуас болса, бұл белгі «Мені қорғашы» деген сөзді білдіргені болуы мүмкін.

Арқасын бүкірейтсе

Асыранды итіңіз қыңсылап, дөңгелене айналып, арқасын күжірейтсе, ол өзін қорғансыз сезініп, жасырынғысы келеді. Оны біреу қатты қорқытып, үркітіп жіберген болуы да мүмкін. Қандай жағдай болса да, ол сіздің қолдауыңызға зәру деген сөз.

Аузын қатты ашып есінесе

Иттер де адам сияқты ұйқысы келсе есінейді. Бірақ олардың аузын кең ашып есінеуіне басқа да себептер бар. Өте зерігіп кетсе не ойыннан жалықса да осындай қылық көрсетеді. Тіпті сіздің есінеуіңіз инерция арқылы таралып оған жеткен болуы да мүмкін.

Алдыңғы аяғын жоғары көтерсе

Сіздің итіңіздің басына бір ой келді. Кенет ол дәл осылай тұру ең ыңғайлы жағдай деп шешті.

Кереуетке аунаса

Итін үйінде асырайтындар байқаса, ол кейде кереуеттің жартысын алып жатып алады. Бұл әдейі істегені емес. Сізді үнемі жанында болғанын, тіпті ұйықтағанда да қасынан кетпегеніңізді қалайтынының белгісі.

Айналаны шашып тастаса

Үйде болсын, түзде болсын итіңіз барлық затты орнынан қозғап, шашып тастаса, өзіңіз кінәлісіз. Оның көңілін орнына түсіру үшін жиірек серуендеп, көңіл бөліп тұруыңыз қажет.

Аяғыңызға сүйенсе

Егер осындай қылық көрсетсе, оны алдандырып, сергітуіңізді қалайды. Сіздің махабббатыңыз бен мейіріміңізге бөленгісі келеді. Үйде бағып отыр екенсіз, оған да көңіл бөлуді ұмытпаңыз.

Көзін алмай қараса

Итіңіз сізден көзін алмай, қадалып қарап қалуы мүмкін. Бір қарағанда біртүрлі көрінгенімен, қорқатын ештеңе жоқ. Ол сізге деген махаббаты мен сенімін осылай білдіреді.

@. @assel_assanova