Тексеріп көріңіз: Түстер елесі

Тексеріп көріңіз: Түстер елесі
Фото: vk.com

Бізді қоршаған әлем иллюзияға толы. Иллюзия дегеніміз – біздің миымыз арқылы жасалған қосымша шындық. Оның бізге үйреншікті болып кеткендігі сонша, оны көп жағдайда байқай бермейміз. Бұл – түстер иллюзиясы. Мысалы, кемпірқосақты алайық. Біз кемпірқосаққа қарамаймыз, біз оны өзіміз "жасаймыз". Біздің көре алған дүниеміз шындығында адамның көру сезімімен байланысты.  

Біз бүгін осы иллюзия әлеміне саяхат жасап көрмекпіз. Көз алдау дегеніңіз осы екеніне көзіңіз жетеді...

Суретте қанша түс бар?

Көк және жасыл шиыршық шындығында жалғыз ғана жасыл түсті береді. Мына жерде ешқандай көк түс жоқ.

Жоғарғы бөліктің ортасында тұрған қоңыр шаршы мен алдыңғы бөліктегі "қызғылт сары" түсті шаршы – бір түсті.

Шахмат тақтасындағы ақ және қара түсті торды көрген боларсыз? Қара тор мен ақ тордың сұр бөліктері  – бір реңкті көрсетеді. Сұр түс бірде қара реңк секілді, ал енді бірде ақ түс секілді реңкті береді. 

Мына ат мүсіндері бірдей түсті. 

Ал, мына жерде ақ түсті есептемегенде қанша түс реңі бар деп ойлайсыз? 3 немесе 4? Шындығында екі түс – ақ жасыл және қызғылт. 

Қақ ортадағы қара нүктеге бірнеше секунд көз алмай қарап тұрсаңыз, оның айналасындағы сұр түс лезде жоғалады.

Суреттің ортасына қарап тұрыңыз. Аздаған уақыттан соң бұлдыр түстер жоғалып, ақ түс пайда болады. 

Ж. Жұмағұлов