Бүгін – кит пен дельфин күні

Бүгін – кит пен дельфин күні
Фото: youtube.com

Халықаралық киттер мен дельфиндер күні 1986 жылы Халықаралық киттерді қорғау комиссиясының  қолдауымен бекітілген. Тура 34 жыл бұрын, яғни 1982 жылы дәл осы күні аталған комиссия киттерді аулауға толық тыйым салды. Бірақ, тыйым 1986 жылы заңды күшіне енді.

Киттерді қорғау комиссиясы заңды бекіткен соң, теңіз өнімдерімен, соынң ішінде кит етімен күн көріп отырған Жапония елі заңға бағынбасына болмады. Алайда, амалын тауып, «Киттерді ғылыми зерттеу үшін аулау» деген ұсыныс білдіреді. Нәтижесінде, китті арнайы квотамен аулауға келісті. 2007 жыды жапондар 950 кит аулауға квота алған. Демек, күніне 3 киттен аулап отырған.

Дәл сол жылы «Ниссин-мару» атты ірі кит аулайтын флотта өрт болып, 508 балық өлген. Өрттің себеп-салдарын анықтау кезінде ғылыми зерттеу үшін ауланған киттердің еттері зерттеуден кейін жергілікті мейрамханаларға жіберілетіндігі анықталған.

Заң бұзушылықтарға тиісінше жаза қолданылмаған. Әдеттің қалмайтыны жаман. Табиғаттағы жазықсыз жануарлардың адам азығына айналуына әлем қарсылық білдіре алмай отыр.

Е. Жұмабайұлы