Тауыс туралы қызықты деректер

Тауыс туралы қызықты деректер
Фото: www.mobilmusic.ru

Тауыс (павлин) – әлемдегі ең ғажайып құстардың бірі, қырғауыл тұқымдасына жатады. Туыстығы жағынан қораздарға өте жақын.

Ол жәндіктермен, тұқымдармен, өсімдіктермен, кейде ұсақ жануарлармен қоректенеді.

Өзгелерден өзгеше түр беріп, тартымды ететін, алып желпіткіш секілді қанатшасы тек ұрғашы түрлерінде болады, ал еркек тауыстар қарапайым құсқа ұқсайды. Ұрғашысы одан екі есе кіші болады.

Біз аузымыздың суы құрып, тамсана тамашалайтынымыз – құйрығы емес, қауырсыны. Оның құйрығы қысқа, 40-50 см болады. ал қауырсыны 2 метрге дейін жетеді. дене тұрқы – 100-125 см.

Қауырсынының тағы бір ерекшелігі – өзге құстармен байланыс орнату. Бұл «тілде» тек тауыстың ұрғашы түрлері дыбыстай алады. Қауырсынын козғаған кезде адамға естілмейтін инфрадыбыс шығады. Біздің құлағымызға жапырақ сыбдырындай боп естілуі мүмкін. Негізінде жиілігі 20 Гц дейін жетеді.

Бұл сұлудың бір ғана кемшілігі – мысықтың мияулағанындай ащы дауысы. Әсіресе, жаңбыр жауар алдында ерекше дыбыстайды.

Мұндай үлкен әрі ұзын қауырсынды көтеріп жүру қиын секілді көрінеді. Бірақ бәрі біз ойлағандай емес. Ол мұнымен оп-оңай жүгіреді, тіпті ұшады.

Тауыстар – аса сақ құс. Олар жауының жақындағанын, ауа райының бұзылатынын да мерзімінен бұрын біледі. Осындайда қауырсыны жауынан қорғанатын қызмет те атқарады. Қауіпті сезсе, бірден қанатын жаяды.

Тауыс алғаш рет Үндістанда қолға үйретілген. Қазір осы елдің нышаны тауыс саналады. Ол тәкаппарлық, сұлулық белгісі ретінде де қабылданады

@. @assel_assanova