Сиқырлы фонтанның құпиясы

Сиқырлы фонтанның құпиясы
Фото: www.youtube.com

Испанияның оңтүстік-батысындағы Кадис қаласында көкте шарықтап тұратын су құбырының шүмегі бар. Расында сырт көзге ғажайып фонтан сиқыр күшімен ауада шарықтап тұрғандай көрінеді. Оның құпиясы неде екен?

Кадис туристерін қызықтыратын фонтанның шарықтап тұрған шүмектен аққан судың ортасынан су құбыры көтерілген. Су шүмегі сол құбырға бекітілген. Фонтанда айналатын су да сол құбыр арқылы жоғарыға көтеріледі. Әрине құбыр көрінбегеннен кейін оның құпиясын да анықтау қиындау болады. Дегенмен логикаңызды іске қосып, Жердің тартылыс күшін ескерсеңіз оның құпиясын еш қиындықсыз таба аласыз.

Бұл идея Испанияның көптеген қалаларына туристерді тарту үшін қолданылған. Айта кетсек, көкте шарықтап тұратын су құбыры Оливенса, Менорка муниципалитеттерінде салынған. Сондай-ақ, мұндай фонтанды Бельгия, Ұлыбритания, Канада және АҚШ-та табуға болады.  

Ж. Өрісбай