Халықаралық Ғарыш Станциясының қалай құрылғаны туралы

Халықаралық Ғарыш Станциясының қалай құрылғаны туралы

Адамзат тарихындағы ең ірі жоба саналатын Халықаралық Ғарыш Станциясының қалай жасалғаны туралы білгіңіз келсе, бұл мағлұмат сіз үшін.

Халықаралық Ғарыш Станциясы 15 елдің қолдауымен құрылған. Олар: Бельгия, Бразилия, Германия, Дания, Испания, Италия, Канада, НидерландыНорвегия, Ресей, АҚШ, Франция, Швейцария, Швеция және Жапония. Орта есеппен станцияның жасалуына 100 миллиард еуродан астам қаржы жұмсалған (157 миллиард АҚШ доллары немесе 65,3 миллиард фунт стерлинг).

Станция кешенге уақытылы қосылып отырған жеке-жеке модульдерден тұрады. NASA ғарыштық агенттігінің аниматорлары жасаған мына видеодан станцияның қалай құрастырылғанын көруге болады. Жалпы ХҒС кешеніне 14 негізгі модуль мен бірнеше қосымша модулдер кіреді.

Ал мына сызба арқылы ХҒС-ның бөлшектенген нұсқасын көруге болады. Айта кетсек, қазір бізді ақпаратпен қамтып отырған бұл станция 2020 жылға дейін қызмет етеді.

Сурет: nnm.me

Ж. Өрісбай