Әлемдегі ең ауыр жыртқыш

Әлемдегі ең ауыр жыртқыш

Косатка  - дельфин тұқымдас теңіз сүтқоректісі. Ұзындығы 10 метр, салмағы 9 тоннаға дейін барады. Түсі ақ-қара, денесіндегі ірі дақтары жалпы дене көрінісін бөлшектеп тұрады. Кеуде жүзбеқанаттары жалпақ, арқа жүзбеқанаттары биік. Арктикадан Антарктидаға дейін таралған. Ареалының барлық аймағында қалың. Тұқымын 16 ай көтереді, 35 жыл өмір сүреді. Қорегі балықтар, басаяқтылар, былқылдақденелілер. Сонымен бірге дельфиндерге, итбалықтарға, басқа да су сүтқоректілерімен қоректенеді.

Аквариумдегі косатка

Сурет: xn--80aaombrc8andh.xn, korabli.eu

Ж. Исакаев