"Мона Лиза" картинасы туралы қызықты деректер

"Мона Лиза" картинасы туралы қызықты деректер

Леонардо да Винчидің "Мона Лиза" суретін әлемдегі ең әйгілі көркемсурет десек қателеспейміз. Бүгін біз "Мона Лиза" туралы қызықты деректерге тоқталамыз.

1. Суреттің итальян тіліндегі толық атауы – Ritratto di Monna Lisa del Giocondo, қазақ тіліне аударғанда бұл Лиза Джоконда ханымның суреті дегенді білдіреді.

2. Суретте флоренциялық жібек мата сатушының әйелі Франческо дель Джоконда бейнеленген деген мәлімет бар. Леонардо да Винчи өзін әйел бейнесінде салған немесе анасы Кристинаны салған деген алып-қашпа әңгімелер де бар.

3. Бұл күнде сурет Луврда тұр. 7 миллион АҚШ доллары жұмсалып суретке оқ өтпейтін әйнек пен қазіргі заманға сай қауіпсіздік жүйесі орнатылған.

4. Көптеген зерттеулерден кейін суреттің қайта өнделіп салынғаны белгілі болып отыр. Сарапшылар суреттің түпнұсқасы әлдеқайда әдемі деген пікір айтады.

5. 1911 жылы Лувр жұмысшылары суретті ұрлап әкетіп, ол сурет 2 жылдан соң қайта табылды.

6. Леонардоның ең бір ерекше мұрасына көз алартқандар қаншама. Салынған суретке тас лақтырып, түрлі түсті сиялар жаққан адамдар да болған. 

7. Бүгінгі таңда бұл суреттің бағасын анықтау мүмкін болмай тұр. Алайда Луврдағылар оны 3 миллиард долларға бағалап отыр.

Сурет: plurrimi.com

Ж. Исакаев