Альпі тауешкісі туралы не білесіз?

Альпі тауешкісі туралы не білесіз?

Ибекс немесе Альпі тауешкісі (лат. Capra ibex) – қуысмүйізділер тұқымдасына жататын тауешкі. Олар тау  шатқалында өмір сүріп, биік-биік қыраттарға өрмелейді, өздерін жоғарыда жайлы сезінеді.

Орташа есеппен Ибекстің ұзындығы – 150 см, ал бойы жотасымен қосқанда – 90 см. Ұрғашы Альпі тауешкісі шамамен 40 келіні құрайды. Еркегі 100 келіге дейін барады. Жынысына қарамастан шоқша сақал өседі. Қыс мезгілінде олардың терісі сұр түске ауысады. Тұяғының мүйізді заттегі өте төзімді. Сол себептен Альпі тауешкісінің тұяғы жартаста қажалмайды.  

Козлы скалолазы - ибексы

Ибекс тауешкісі таулы жерге тек паналау үшін ғана емес, жейтін азығын іздеп табу үшін де шығады. Жаз уақытында тауешкі таудың жоғары бөлігіне теңіз деңгейінен 4500 метр биіктікке дейін көтеріліп, балғын шөпке тояды. Қыста төменірек, қар түсе қоймаған жерге тұрақтайды. Шөбі шүйгін, азығы мол жер іздейді. Ешкіні 51 метрлі Альпі тауындағы Италия су қоймасына тұз жеп алу үшін өрмелеп бара  жатқан жерінен көргендер де бар.

Козлы скалолазы - ибексы

Козлы скалолазы - ибексы

Козлы скалолазы - ибексы

Тауешкінің ең басты жауы деп түлкі, аю, қасқыр және сілеусінді айтса болады. Ибекс тауешкісі тауға өрмелеп үлгермей қалған жағдайда мүйізімен қорғанады. Еркек тауешкінің мүйізі – 1 метр, ұрғашы тауешкінің мүйізі сүйірленген, қысқа болады. Ешкінің жынысын мүйізіне қарап ажырату оңай. Тауешкінің аяқ құрылымы өзгеше болғандықтан, шатқалдан-шатқалға жылдам, әрі сенімді түрде секіреді.

Козлы скалолазы - ибексы

Козлы скалолазы - ибексы

Альпі тауешкісі – үйірімен өмір сүретін жануар. Оларда ұрпақ жалғастыру науқаны желтоқсан мен қаңтар айларында басталады. Еркек тауешкілер бұл науқанда бір-бірімен мүйіздесіп, кімнің кім екенін ұрғашы ешкілер алдында "дәлелдейді".

Тауешкі шамамен 20 жасқа дейін өмір сүреді. Қазіргі уақытта Альпі тауындағы Ибекс тауешкісінің саны 30 мыңнан 40 мыңға таяп қалды.

Избекс Linux Ubuntu нұсқасы бойынша нышанға айналған. Оған «Көкжал Ибекс» деген атақ та берілген.

Козлы скалолазы - ибексы

Козлы скалолазы - ибексы

Оқи отырыңыз: 

Қосаяқ жануары туралы не білесіз?

Шет тілін қалай жылдам үйренуге болады?

Қолда еритін галлий металы туралы не білесіз?

Шеңберді цирукльсіз қалай салуға болатынын білесіз бе?

Сурет: lookmyday, ru.wikipedia.org

Н. Нұрмаханұлы