Форд пен Эдисонның дос болғанын білесіз бе?

Форд пен Эдисонның дос болғанын білесіз бе?

Автомобиль тарихының біз біле бермейтін құпия кырлары бар. Әйткенмен де, авто өндірісінің білгірлеріне жалпы көліктің тарихы белгілі болар. Бірақ американдық өнертапқыштар Генри Форд пен Томас Эдисонның ортақ идеясы болғанын білесіз бе?

Ғалым әрі бизнесмен, бұл екі тарихи тұлға өздерінің соңғы жылдарын бірге өткеріп, көрші тұрған. Бастапқыда Форд инженерлік тәжірибесін Edison Illuminating Company деп аталған Эдисонның компаниясында жинақтаған екен. ХІХ ғасырдың соңына қарай тәжірибелі инженер бензинмен қозғалатын автокөлік жасайтын компания ашу мақсатында Эдисонның батасын алады.

Қазіргі кезде жанармайдың тапшылығына байланысты беделі артып жатқан электромобильдерді құрастыру идеясы Томас пен Генридің де ойында болған деседі. 1903 жылы Эдисон никельден жасалған көпфункциялы қуат жинақтағышын нарыққа шығарады. Ал Генри болса жеке компаниясының негізін қалайды. Сол жылы Томас Эдисон электромобиль құрастыру туралы жоспарын жариялайды. Ал Форд мырза Эдисонның аккумуляторларына тәуелді болғанды қаламайтынын білдіріп, альтернативті қуат жанақтағышты жасап шығарады.

Оған қарамастан, 1914 жылы Форд электрмен қозғалатын өзіндік көлікті жасап шығаруды алға мақсат етіп қояды. Дегенмен, тарихта электромобиль өндірісі 1913 жылы ғана тіркелген. Оның қуаттық көрсеткішін Алекс Черчуорд, ал механикалық жабдығын Cadillac компаниясының бұрынғы инженері Самуэл Уилсон жасаған еді. Генри Форд негізгі идеяның өзінен шыққанын өніммен дәлелдегісі келіп, зауыттың қасынан жаңа құрылыс үшін үлкен аймақты сатып алады. Оған қоса, аймақтық электростнацияны жекелеп алады. Сосын көліктің шығу мерзімі 1915 жылға, кейін 1916 жылға шегерілді.

Содан кейін БАҚ өкілдеріне Форд пен Эдисонның электромобильдері туралы ақпарат келмей қойған. Бір сөзбен айтқанда, жоба күрделі болғандықтан, қайта қаралмай қойылыпты. Себебі электромобильдің негізгі нұсқалары тұрған шеберхана жанып кетеді. Бұл қастандық емес еді. Никельден жасалған аккумуляторлар күшті оталудың әсерінен жылдам қызып кететін болған. Өрттің негізгі себебі жұмыс кезінде жарылып кеткен қуат жинақтағыш болатын. Сондай-ақ, Форд бұл жобаға 15 миллион (қазіргі кезде 31 миллион) АҚШ долларын жұмсайды. Екі дос қаржы дағдарысына ұшырағаннан кейін, электромобиль жасау идеясына қайтып оралмайды.

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: technomag.bmstu.ru

Ж. Өрісбай