Әлемдегі жалы ең ұзын жылқы туралы білесіз бе?

Әлемдегі жалы ең ұзын жылқы туралы білесіз бе?

Линус  АҚШ-тағы Орегон тау жоталарында еркін өмір сүрген жабайы жылқылардың ұрпағы болатын. Ол 1884 жылы дүниеге келеді. Бұл тұқымның ерекшелігі оның жалы мен түктерінің жылдам өсу қабілетінде болған. ХІХ ғасырдың соңына қарай АҚШ тұрғындары оларды қолға үйрете бастаған. Көп жылқылардың иелері жұмыс істеу кезінде кедергі еткен жалын кесіп тастайтын болған. Бірақ Линустың қожайыны олай етпепті. Осылай ашық қоңыр түсті жылқы әлемдік рекорд орнатқан екен. Ағайынды Рутэрфордтарға тиесілі болған жылқы Орегон штатының символына айналады.

Әрине, оған арнайы күтім қажет болған. Ағайындылар әр күні оның жалын жуып, тарап отыратын болған. Жалының жерге сүйретіліп жүрмеуі үшін оны төртке бөліп өрген екен. Линус 1894 жылы 10 жасында өмірден өтеді. Дегенмен, оның артында қалған ұрпағы болатын. Ол да әкесі секілді нағыз тұлпар болып өседі. Бірақ әкесінің рекордын жаңарта алмайды. Қазір ол жылқының түрі бар ма екен дейсіз бе? Жоқ. Өкінішке орай оның тұқымы бүгінге дейін жете алмаған.

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет:goodnewsanimal.ru

Ж. Өрісбай