Маргарет Тэтчерге Лондонда ескерткіш орнатылады

Маргарет Тэтчерге Лондонда ескерткіш орнатылады

Лондон қаласының басшысы Борис Джонсон орталықтан экс-прмьер Маргарет Тэтчерге ескерткіш орнатпақ.

БАҚ-тарда таратылған ақпарат бойынша, Джонсон монументке орын таңдап қойған.

"Мэрдің пікірінше, Маргарэт Тэтчер орталықтан ескерткіш орнатуға әбден лайық", - деді лондондық әкімшілігінің өкілдері.

Кейбір саясаткерлердің ойынша, "темір әйел" монументін Трафальгар алаңына, адмирал Нельсонның ескерткішінің қасынан орнату керек. Олар осылайша Тэтчердің 1982 жылғы Аргентинамен соғыс кезіндегі Тэтчердің рөлін паш етуді дұрыс санайды.

Айта кетелік, Трафальгар алаңында Нельсонның монументінен басқа, IV Георг короліне және екі әскербасы - генерал Чарльз бен Генри Хейвлокқа арналған ескерткіштер орнатылған.

Естеріңізге салайық, Массагет бұған дейін 8 сәуір күні Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Маргарет Тэтчердің дүние салғандығын хабарлаған болатын.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: telegrafist.org

Massaget