Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Әлемдегі ең бай адамдардың әйелдері

Әлемдегі ең бай адамдардың әйелдері

Әлемдегі ең бай адамдардың әйелдері

«Жақсы әйел ерін төрге сүйрейді» демекші, ер адамның ісінің алға басып, түрлі қиындықтар мен бәсекелестерді жеңуінде жарының қолдауы аса маңызды рөл атқарады. Әлемдегі ең бай адамдар және олардың арқасүйер жарлары кім? 

LVMH холдингінің басшысы Бернар Арно жары Элен Мерсьенің жүрегін миллиондарымен емес, Шопеннің вальстерін ойнай алатынымен жаулап алған. Элен – Францияда танымал пианист әрі меценат. Модель немесе актриса болмаса да Арно ханым өте көрікті әрі кербез.

Әлемнің ең бай адамдарының тізімінен түсіп көрмеген Билл Гейтс жиырма бес жылдан бері Мелинда Гейтспен бақытты отбасын құрып келеді. Мелинда күйеуі Биллдың әйелі ғана емес, оң қолы. Отбасының беріктігіне бұл қасиеті де әсер етпей қоймағаны анық.

Әлемдегі ең жас миллиардер Марк Цукерберг (Фейсбук құрастырушысы) өмірлік серігі етіп супермодель немесе шоу-бизнес жұлдызын емес, түп-тегі қытайлық қарапайым студент Присцилла Чанды таңдаған.

Үндістанның ғана емес, 2008 жылдың «Форбс» нәтижесі бойынша әлемнің ең бай адамы саналған Мукеш Амбани өзінің құрдасы Нита Амбаниге үйленіп, бірнеше жылдар бойы бақытты отбасын құрып келеді. Нита — мамандығы бойынша әлеуметтанушы, қазіргі таңда қайырымдылық қорын басқарады.

Мультимиллиардер Уоррен Баффеттің махаббат хикаясымен мелодрамаға сценарий де жазуға болады. Бірінші әйелі қайтыс болған соң Астрид Менкспен танысып, жақсы қарым-қатынаста болады. 20 жылдай дос бола келе, 76 жасқа таяғанда 60 жасар Менкске үйленуге ұсыныс жасайды. Бақытты әйел ұсынысқа келісіммен жауап береді.

Ойын-сауық бизнесінде жүріп миллиард жинаған Шелдон Адельсон 20 жылдан бері Мириам Осшорнмен шаңырақ көтеріп келеді. Мириам — мамандығы бойынша дәрігер және есірткімен күрес ұйымының басшысы. Бұл жолды таңдауы да бекер емес, 2005 жылы үлкен ұлдары есірткіні шамадан тыс пайдаланып, өмірден озған.

H&M компаниясын басқаратын швед магнаты Стефан Перссонның әйелі Дениз өмірлік серігі ғана емес, бизнесте де серігі болып табылады. 

Суреттер: vk.com

Дайындаған: Анар Мұстафина

1639 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Anara Mustafina
Қосылған күні: 13 қаңтар 2013, 14:35
Пікірлер
+0
13 қаңтар 2013, 17:09

Анау әйелдердің арманы жоқ шығар ия

+0
13 қаңтар 2013, 17:55

Осы мұхиттың ар жағындағылардан "20 ЖЫЛ БІРГЕ" деген жаңалық естісем кәдімгідей таң қалам ше, мыналардың көбісі ұзақ тұрғандар екен, байлығы ғана емес, бақыты да жастарының қызығушылығына ие болса екен...

+0
13 қаңтар 2013, 18:41

Билл Гейтстің әйелі ұнайды))

+0
15 қаңтар 2013, 12:16

:) Билл Гейтс ше

+0
13 қаңтар 2013, 19:06

Рас, Уали дұрыс айтады, арманы жоқ шығар (әлеуметтік жағдайына қарағанда). Бірақ бұл кісілер махаббатты шын сезінді ме екен...

+0
13 қаңтар 2013, 19:11

Байлыққа бірге қол ұстасып жеткен болар. Сондықтан да қазіргі кезге дейін бірге болып келе жатыр.

+0
13 қаңтар 2013, 23:36

Өмірлік жары балаларының анасы сенімді серігі

+0
14 қаңтар 2013, 11:27

махаббат болса болды ғой байлық тек бонус

+0
16 қаңтар 2013, 19:04

керемет екен

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...