Оқи отырыңыз

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Мұқағали Мақатаевтың туғанына 81 жыл!

Мұқағали Мақатаевтың туғанына 81 жыл!

Мұқағали Мақатаевтың туғанына 81 жыл!

Жалғыздық пен мұң шарабына сылқия тойған сезім көк аспанға көтерілді де, көз ұшында мұнартып тұрып-тұрып, күллі әлемге "қош!" деді де, жоқ болды. Күмбез бауырында қалықтап аппақ із қалды...

Ол Мұқағали деген арда туған ақиық ақынның салған ізі болатын. Жүректен жүрекке жетіп, көңіл пернесін дөп басқан поэзияның салып кеткен өшпес таңбасы болатын...

Тағдырдың теперішін көріп, талқысын тартқан арда ақын сырларын өріп ақ қағазға тізе берді. Миллиондаған жырсүйер қазақтың бойтұмарындай болған қастерлі жырлар жабыққанда жұбаныш, құлағанда сүйеніш іспетті...

Пай! Пай! Пай! Киелі неткен жер!

Батырлар дүрілдеп өткен жер.

Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер,

Ғашықтар бір-бірін өпкен жер.

Сарылып сал-сері кеткен жер - деп жырлаған ақын ұлтын құлай сүйіп, 

Сен менің сүйегім мен қанымдасың,

Жанымдасың, ұятым, арымдасың.

Саған деген махаббат дамылдасын,

Тек сенің топырағыңды жамылғасын! -деп елжіреді. Ұлтты сүйсең, Мұқағалидай сүй!..

Мәңгілік тақырып - махаббат тақырыбын қазақ поэзиясында соны биікке көтеріп кеткен де Мұқағали болатын. Іңкәр жүректің лүпілі сезілетін "Махаббат диалогы", "Аңса, жаным" секілді өлеңдері ыстық сезімнің өлеңмен өрілген символындай.



Бүгінде сәйгүлік ақынның туғанына 81 жыл толып отыр! Бүгін жүрегі қазақ деп соққан әр пенденің мерейлі мерекесі. Бүгін - поэзия тойы!
Қарасаз топырағынан нәр алған арда ақынның тойы құтты болсын! Рухани байлық сыйлаған рухты, отты, нәзік, мөлдір жырлардан сусындап өткен жамағат, ақынға деген құрметіміз өлеңге деген, өнерге деген құрметіміз, ақынға деген сыйымыз ерін ардақтап, төбесіне көтерген қалың қазаққа деген сыйымыз деп білейік... Поэзия тойы құтты болсын!

 Сурет: ukkz.net, anatili.kz

22199 12
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 09 ақпан 2012, 18:00
Пікірлер
+0
09 ақпан 2012, 11:54

Құтты болсын туған күнің, ақиық Мұқағали! Сенің жырларың қаншама көңілді сусындатты екен?!

+0
09 ақпан 2012, 11:55

"Кетеміз-ау, ай, кетеміз, Кету үшін келгенбіз" деп жырлаған ақын өмірден кетсе де, халық жүрегінен, көңілінен, ойынан кетпесі анық

+0
09 ақпан 2012, 12:38

Қазақ лирикасы атасының туылған күні құтты болсын!

+0
09 ақпан 2012, 13:50

Торқалы той құтты болсын!

+0
09 ақпан 2012, 15:10

Көретін күнім алдымда,
Алдымда көрер таңым да.
Алдампаз мынау тағдырға
Бағынба, жүрек, бағынба! - деген жолдар маған ерекше ұран болып қалды.

+0
09 ақпан 2012, 15:22

Мерейлі мереке құтты болсын!

+0
09 ақпан 2012, 15:35

Поэзия
Поэзия! Менімен егіз бе едің?
Сен мені сезесің бе,неге іздедім?
Алауыртқан таңдардан сені іздедім,
Қарауытқан таулардан сені іздедім.
Сені іздедім кездескен адамдардан,
Бұлақтардан, бақтардан, алаңдардан.
Шырақтардан, оттардан, жалаулардан,
Сені іздедім жоғалған замандардан.
Сені іздедім досымнан, қасымнан да,
Ақша бұлттан іздедім, жасыннан да,
Сен бе дедім ақ нөсер ашылғанда,
Қызыл-жасыл шұғыла шашылғанда,
Көкжиек пен көкжиек қосылғанда.
Махаббаттан іздедім, сағыныштан,
Арманымнан іздедім алып ұшқан!
Сәттерімнен іздедім жаңылысқан,
Сені іздедім жадырау, жабығыстан.
Сені іздедім зеңбірек гүрсілінен,
Күннен, түннен, гүлдердің бүршігінен.
Қуаныштан, түршігу-күрсінуден,
Жүректердің іздедім дүрсілінен.
Сені іздедім сезімге у шараптан да,
Минуттерден іздедім, сағаттан да,
Сені іздедім.
Іздеймін тағат бар ма?
Сені маған егіз ғып жаратқан ба?!

+0
09 ақпан 2012, 17:36

Ассалаумағалейкум жамағат! Жыр сүйер қауым поэзия тойы құтты болсын! Қазақ халқына ғасырда бір
туатын Мұқағалидай ұл берген АЛЛА ТАҒАЛАҒА мың да бір мәрте шүкір етемін. Алла біледі, Мұқағали ағаның отты жырларының қаншама жылаған жүректерге жұбаныш болғанын. Мұқағали ағаның қай өлеңін алып оқысаң да еш жалықпай оқи бергің келеді, жігеріңе жігер, шабытыңа шабыт қосылады! Мұқағали ағаның өлеңдері менің жан - дүниемді айтқызбай - ақ ұғады, өлеңдерін оқып отырғанда бейне бір сырлас досыммен сыр шертіскендей күй кешемін. АЛЛА ТАҒАЛА Мұқағали ағаның жатқан жерін жайлы, жанын жәннаттан, топырағын торқадан етіп, рухына бағыштаған құранымызды қабыл еткей! Әмин!
Бугін менің туған күнім, ой пәле-ай,
Мына жұртым-ау неге жатыр тойламай,
Бір той жасап берер едим өзім-ақ,
Тәңірдің бір жарытпай-ақ, жарытпай-ақ қойғаны-ай.
Мына дүние неге жатыр үндемей,
Алаулатып, тойдың шоғын үрлемей.
Құшақ-құшақ гүл шоқтарын лақтырып,
Мынау шапан, мынау атың-еее, мін демей.
Мынау жұртқа жақпады ма әлденем,
Босқа өмір-ау сүргенім бе әлде мен,
Халқым сенің қасиетіңді білем деп,
Текке өмірім өтті ме екен, өтті ме екен әуремен.
Айтамын деп қуанышым, мұңымды,
Басқа арнаға бұрдым ба әлде жырымды,
Мен әйтеуір өзіңменен бір боламын,
Өзегінен тепсеңдағы-ай, ұлыңды.
Сұраушының-ай сүйген асын кім берер,
Барға разы, жоққа сабыр күн көрер,
Өкінемін, өшігемін несіне,
Тірі жүрсем, маған кезек, маған кезек бір келер.
Осылай деп ойламаган басында,
Мәз болыппын біреу шашқан шашуга,
Қашан көрем көрмегенді жасымда,
Өмір деген осы екен-ғой, расында.
Тіршілікте не жетеді-ай көргенге,
Тек өмірім-ай өтпесе екен шерменде.
Не жыны бар бақыт мені көргенде,
Кетеді үркіп,енді жете, енді жете бергенде.
Түсінбеймін, не пәлемнің барлығын,
Қайран басым қаңғыдың-ау, қаңғыдың.
Менің де бір болар шағым болды ғой,
Қайда әкетіп барасың, сен-ей, тағдырым.
Бүгін менің-ай туған күнім, ой пәле-ай,
Мына адамдар неге жатыр тойламай,
Банкет жасап берер едім өзім-ақ,
Тәңірдің бір жарытпай-ақ, жарытпай-ақ қойғаны-ай.
Тойланбаса, тойланбасын, не етейін,
Той көрмей-ақ, сый көрмей-ақ өтейін.
Қаламыңды берші маған, бәйбіше-ей,
Болашаққа арыз жазып кетейін.

+0
10 ақпан 2012, 09:18

"Қазақтың (еркектердің әрине) дауысы қандай болуы керек?" дегендерге Мұқаңның дауысын ұсынар едім

+0
11 ақпан 2012, 04:00

Мұқағалидің кез келген өлеңдерінде ұлттық бояу тұнып тұр ғой!

+0
13 ақпан 2012, 12:07

Өшпес мұра, сөнбес жұлдыз, қазақтың ішінен шыққан саф алтын! бұндай ерге тұратын халықпыз ба? әй, қайдам...

+0
16 ақпан 2012, 14:43

Мұқағали жұртына құдіретті өлең өрнегімен мол мұра қалдырған біртуар талант иесі ғой, шіркін!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Ктк арнасының назарына
Ктк арнасының назарына

Қазақ қай кезден жариялылықты хош көрмеген. Бұл нəрсе бүлікке əкеледі деп...

ШОКО ƏЛЕМ-5
ШОКО ƏЛЕМ-5

Аждан айдаһар

АҚ КӨЙЛЕК
АҚ КӨЙЛЕК

Күйеу жігіт қалыңдықты құшып тұр, Қалыңдықтың қыпша белі үзіліп.

"Димаш атақты ма, Головкин атақты ма?"

Бірі – Батысты, бірі – Шығысты мойындатқан, мойындатып жүрген тұлғалар.


Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...