Оқи отырыңыз

Өзіңді өз бойыңнан биікпін деп ойламау да – биіктік.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Анасының жүрегін өзгеге сыйлаған жігіт «Алтын жүрек» сыйлығын алды

Анасының жүрегін өзгеге сыйлаған жігіт «Алтын жүрек» сыйлығын алды

Анасының жүрегін өзгеге сыйлаған жігіт «Алтын жүрек» сыйлығын алды

Өзінің қайтыс болған шешесінің жүрегі мен бүйрегін мұқтаж науқастарға сыйлаған Игорь Воротников «Алтын жүрек» сыйлығымен марапатталды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

Дәстүрлі түрде жыл сайын өтіп тұратын ұлттық «Алтын жүрек» сыйлығын табыстау салтанатты шарасы Алматы қаласында Абай атындағы Мемлекеттік академиялық театрында өтті.   

Шарада Игорьдың адамгершілігі мен қайырымдылығы арқасында еліміздің екі бірдей азаматы өлім аузынан қалып отырғаны туралы сөз болды. Оның қайтыс болған 46 жастағы анасының жүрегі мен бүйрегі жарамды болғасын, өте қауіпті дерттің алдында тұрған науқастарға берілген. Кейінірек белгілі болғандай, Игорьдың анасы миға қан кету салдарынан қайтыс болған екен.   

Жүрек ауруымен ауыратын Жәнібек Оспановқа жасалған жүрек ауыстыру отасы Қазақстанда тұңғыш рет жасалып отырғанын айта кетейік. Игорь Жәнібекке өз кезегінде бақыт тілеп, құттықтады. Игорь Воротников анасы өмірден озса да, оның жүрегі әлі де соғып тұрғаны үшін дәтке қуат айтатынын да жасырмады.  

Табыстау салтанатты шарасына Қазақстанның қоғам қайраткерлері, журналистер және қаржы институттарының меңгерушілері қатысты.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: baq.kz

2981 11
Рейтинг: +2

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 30 қазан 2012, 19:02
Пікірлер
+0
31 қазан 2012, 08:57

Кез келген адамның мұндай іске келісімін бермесі анық

+0
31 қазан 2012, 09:05

Жарайсың, Игорь! Біз сенің адамгершілігіңді бағалаймыз!

+0
31 қазан 2012, 09:23

Білмеймін, мұндай нәрселерді жасай алмайтын шығармын....

+0
31 қазан 2012, 10:28

Адамгершілік! Анасының үмітін ақтап жүрген азамттардың бірі...

+0
31 қазан 2012, 10:37

не дерімді білмей отырғаным

+0
31 қазан 2012, 13:14

мен өліп қалсам, мүшелерімді мұқтаж жандарға беріп, оларды аман алып қалыңдар

+0
31 қазан 2012, 14:11

шынымен де мынаны оқыған соң не айтарыңды білмейді екенсің.

+0
31 қазан 2012, 14:18

анамның жүрегін бере алмас едім,бірақ өзімнің жүрегімді қиналмай берер ем

+0
23 қараша 2012, 11:30

ана... бала...

+0
21 ақпан 2013, 17:55

ондай кадам жасай алмас едим

+0
23 ақпан 2013, 21:13

Неткен батылдық десеңші..... :)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Жүректерге тазалық сыйлаған «Театр көктемі»
Жүректерге тазалық сыйлаған «Театр көктемі»

Жылдың елеулі оқиғаларының бірі, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік...

Студент үшін ақша табудың тиімді жолы.
Студент үшін ақша табудың тиімді жолы.

Өмір - кей кезде адамнан артық тәрбиеші.

Автор: Әсел Малік
Қара Питер кім еді?
Қара Питер кім еді?

Детективтің өмірі - ізденіспен өтетіні белгілі.

Автор: Әсел Малік

Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...