Эйнштейннің ең қымбат хаты

Эйнштейннің ең қымбат хаты

Альберт Эйнштейннің дін және құдай туралы жазған хатының түпнұсқасы атақты eBay аукционында 3 миллион 100 мың АҚШ долларына сатылды. Сарапшылар бұл аукционнан сатып алушылардың үлкен легін күткені рас. Бірақ бұл сатылымға тек екі үміткер тіркелді. Ал сатып алушының аты әзірге құпия сақталуда.    

Хат бұған дейін 2008 жылы аукционда жеке тұлғаға бірнеше есе төмен бағамен 404 мың долларға сатылған еді.  

Бұл хат 1954 жылдың 3 қаңтарында ғалымның қайтыс боларынан бір жыл бұрын Принстон университетінің философы неміс Эрик Гуткинге жазылған еді. Эйнштейннің бұл хаты одан екі жыл бұрын Гуткин жазған "Өмірді таңда: библияның қарсылыққа шақыруы" (Choose Life: The Biblical Call to Revolt) атты кітабына жауап ретінде жазылған екен.

Ал 1955 жылы Эйнштейн қазасынан кейін хат жеке коллекционер қолына түсіп, тек 50 жылдан соң көпшілікке таныстырылды.  

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: biography.com

Б. Қосмағамбет