Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Ілияс Омаровқа - 100 жыл!

Ілияс Омаровқа - 100 жыл!

Ілияс Омаровқа - 100 жыл!

Осы жылы қазақ кеңес әдебиет сыншысы, мемлекеттік қайраткер Ілияс Омаровтың туғанына 100 жыл толды. Өмірі қамшының сабындай қысқа болса да, жарқ еткен жарқын сәттері аз болған жоқ. 

Зиялы қауымның Ілияс Омаров туралы айтқан естеліктері көп-ақ. Мұрағатты ақтарсаң, түрлі ұлттың қаймақтары қалдырған Ілияс жайындағы мыңдаған әңгімелерге куә боласыз. 

Мәселен XX ғасырдың ұлы режиссері Наталия Сац "Өмірімнің новеллалары" атты кітабына былай деп жазды: "Ілияс Омаров екеуміз 15 минут әңгімелестік, осыдан кейін күллі қазақ жұртын жақсы көріп кеттім. Не деген мәдениет, не деген әңгімелесушіге деген сыйластық, қандай сенім! Менің Қазақстанға келуім үлкен шығармашылық пайда әкелетініне сенемін!" Абай атындағы опера, балет театрына режиссер болып жұмысқа кірісіп жатқан кезде, 1944 жылы Ілияс Омаровпен кездесуінен алған әсері міне, осындай еді. Бұл Наталияның 1937 жылы қуғын-сүргінге ұшырап, ГУЛАГ-тан оралып жатқан кезі болатын. Ал Ілияс Омаров бұл кезде ҚазақКСР-ның сауда комиссары қызметінде жүрген еді. Осыдан кейін Ілияс Омаров пен Наталия Сац арасында ерекше сыйластық сақталып қалды. 

1967 жылғы 3 маусымдағы хатында Юрий Казаков та былай деп жазды: "Қымбатты Ілияс Омарұлы! Әбдіжәміл Нұрпейісовтен сіздің жаңа қызметіңіз туралы білдім, сізді шын жүректен құттықтаймын. Сондай-ақ күллі қазақ мәдениетін де құттықтағым келеді, өйткені кез келген Мәдениет Министрлігі өз мәдениет министрімен мақтана алмайды ғой. Қазақ достарым үшін өте қуаныштымын, тіпті, қазақ болып тумағаным үшін өкініп қалдым".

Белгілі қазақстандық жазушы Дмитрий Онегин 1948 жылы жазған "Ашылу минуты" атты естелігінде: "Барлық жағынан: дауысы, қимыл-қозғалысы, киімі жағынан аса зиялы бір адамды көрдім. Әйнек артынан бұйымтаймен келе жатқанымды сезіп, құмарта қараған сол бір көзқарас... Табиғилық пен қарапайымдылық еріксіз ашықтық пен сенім тудырады екен. Бауыржан Момышұлының: "Ілияс - нағыз ақылды адам, жаңашылдықтың нақ өзі" деген сөзі ойға түседі".

Ғабит Мүсірепов Ілияс Омаров жайлы былай дейді: "Тазалық пен жанашырлықтан, бауырмалдық пен үлкен жүректіліктен, адамдық пен жолдасқа беріктіктен, әділдік пен адалдықтан құралған бір адам болса, ол - Ілияс Омаров". Белгілі жазушы Александр Фадеев Ғабит Мүсіреповпен кездескен сайын: "Данышпан Ілияс Омаровтың қалы қалай?" деп сұрайтын көрінеді. 

"Қандай лауазымды қызметте болмасын, Ілияс Омаров шенеуніктерден тұлғалығымен, бастысы - адамдармен араласудағы қарапайым болмысы мен игі тілегімен ерекшеленетін", - деп жазды сазгер Ғазиза Жұбанова. - Ол опера мен балет тұсаукесерлерінің бірде-бірін қалдырып көрген емес. Омаров жазушылар мен сазгерлердің, суретшілердің жаңа туындыларын бес саусағындай білетін, шығармашылық адамдарымен тығыз қарым-қатынас орнатып, олардың арасында да биік беделге ие бола алды".

Ілияс Омаровтың ерекше әрі бай  кітапханасында оның ұрпақтарына қалған ең қасиетті мұра - белгілі қаламгерлердің қолтаңбасы жазылған ондаған кітаптар сақталып тұр. Мәселен, 1960 жылы ол жерден Мұхтар Әуезовтың «Қараш-Қараш» атты кітабын көрдім. Мұхтар Омарханұлы Ілияс Омаровқа бұл кітаптың негізгі нұсқасын сыйға тартқан екен. Кітаптың алғашқы бетінде: «Алтыннан да ардақты, қадірлі досым Ілиясқа достық пейілмен сыйға тартамын» деген жазу бар. Ілияс Омаров пен Бауыржан Момышұлының арасында үлкен достық қатынас болған. Аты аңызға айналған батыр 1962 жылдың 19 желтоқсанында Ілияс Омаровқа сыйға тартқан «Артымызда Мәскеу» атты кітабының алғашқы бетіндегі жазуда өз көңілін былай жеткізген: "Аи эм глэд ту си ю! Аи лайк ю вери матч! Бұл ақиқат! Өмірден бірінші үлкен өте ме, кіші кете ме, ол - біздің құзырымызда емес. Мен сенен бұрын өлгім келмейді». Ілияс Омаров дәл осындай игі сөздерді атағы кеңге жайылған ұшқыш, Кеңес Одағының батыры атағын екі рет алған батыр Талғат Бигелдиновтың өз аузынан естіген. Ілияс Омаровтың есімін асқақ әріптермен Әбдіжәміл Нұрпейісов,  Олжас Сүлейменов, Мұхтар Шаханов, Кәкімбек Салықов, Шерхан Мұртаза, Қуаныш Сұлтанов, Людмила Енисеева, Исаак Попов сынды белгілі тұлғалар жазған болатын.

Ілияс Омаровтың бет-бейнесі мәдениет пен демократия түсінігін іс жүзінде көрсете алуымен де сомдалды. Биік мәдениеті мен этикасы жақындары мен жора-жолдастарымен, жанұясымен сөйлескенде де анық байқалатын. Шен-шекпені мен қызметіне, лауазымына қарамастан, кез келген адамға аса үлкен сыйластық танытатын. Жүріс-тұрысынан қарапайымдылықтың лебі есіп, артық қылық көрінбеуші еді. Өте заманауи, мәдениетті адам болатын. 

Бұл үшін оның жары Гүлшат Сәкиқызының атқарған шаруасы да аз емес еді. Олардың отыз алты жылға созылған жұбайлық өмірлерін таңғажайып драмалық шығарма дерсің. Гүлшат Сәкиқызының айтуынша, оның жолдасы ешқашан көрсеқызарлық пен екіжүзділік секілді жаман әдетпен еш ауырып көрмеген. Басына түскен қиындыққа сабырлылықпен төзіп, кейде айтқысы келгенін ащы әзілмен не дәлелді сөздермен жеткізіп отырған.

Ілия Омаров үнемі біржақтылық пікірді ұстанып, қырсықтық танытатындардан күдіктенді. Егер сондай жандар жолыға қалса, мысқылға не ироняға көп жүгініп отырды. Ол адамдардың кемшіліктері бірден көзге көрініп тұратынын айтып, «Күтіңдер, адам өзін өзі-ақ көрсете алады» деген сөзді жиі қайталайтын. Сонымен қатар ол: «Жағымсыз жұмыстарда өздерін әшкере етпейтін жаман жандар болмайды. Оның өзін-өзі әшкере етуі айқын болған жағдайда ғана ол ұрыстың себебін түсіндірудің орнына ақылдылық танытып үнсіз қалады», - дейтін. Кейде оның оңаша қалып сатқындық жасаған адамдармен мүлде араласуды жөн көрмейтін кездері де болды. Бірақ ол сондай жандардың атын атап, түсін түстеген жоқ. Олар жайында «ләм» деп аузын ашпады. Тек оларды өз өмірінен елемей жүруге тырысты.

Ілияс Омаров адамдардың басқаша көзқарасы еш жерде жазылмаған өмір заңы дейтін. Өмірге бірдей қарайтын екі адамды табу мүлде мүмкін емес. Сондықтан әр адамның өзіндік ой-пікірі шынайы өмір мен қоршаған қоғам жайлы мағлұмат алуда баға жетпес байлық. Өзгеше ойлауды қабылдамайтындар мәдениеттен жұрдай дейтін. 

Ерте жетім қалып, Қазкоммунда өскен осы бір адамның рухани мәдениеті биік болып жетіліп, ақсүйектік қасиетке қалайша ие болғаны жұмбақ. Неге осы бір адамның бойында догма мен шыдамсыздықтың түйір тамшысы жоқ? Қуғын-сүргіндік жүйеде өмір сүрген адам қалайша осының құралына айналып кетпеді, керісінше адамдарды құтқарып, оларға қол ұшын берді? Осы бір асқан мәдениеттілік пен демократиялық қайдан пайда болды? 

Ілияс Омаров 1913 жылдың 1 қазанында шаруа отбасында дүниеге келді. Бала кезінен-ақ таңдай қақтырарлық есте сақтау қабілеті мен шешен тілге ие болды. Казкоммунда үздік оқуының нәтижесі оны Ташкенттегі Ортаазиялық университеттің экономика факультетінен бір-ақ шығарды. Студенттік асхана түскі асқа 200 грамм нан мен етсіз сұйық тамақ беретін. 

Жоғары оқу орнын бітірген соң, оны кейін жан жарын жолықтырған Қызылордадағы кеңес сауда-саттық техникумының директоры қызметіне жібереді. Махаббат жолында техникум директорлығынан қуылып, үстелге партия билетін тастап кеткені рас. Бұл оқиға былай болған. Ілияс бірінші гильдияның қызына үйленіп, отау тігеді. Осылайша таптық дұшпандарының қызы Гүлшат сұлуға үйленгенінің кесірінен жұмыстан қуылады. 

Соғыс жылдарында КСРО сауда-саттық комитетінің жауапты қызметінде жүрген кезінде Ілияс ғылым мен мәдениетте орны бар Алматыда тұратын тұлғаларға комсомол-энтузиастардың түскі асқа ыстық тамақ апарып беруін қадағалады. Осы әрекетімен ол Қаныш Сәтпаевқа, Ғабит Мүсіреповке, Юрий Завадскойға, Самуил Маршакқа, Сергей Сергеев-Ценскийге қолдау білдірмек болды. 

Кейін Ілияс Омаров Жоғары Кеңестің депутаты ретінде Қазақстанның түкпір-түкпірінен үшбу хаттар алып отырды. Бірде қолына Алматы облысы, Ұзынағаш ауылында тұратын ингуш ақсақалы Хасан Аушевтің шағым-хаты түседі (ауған кампаниясының болашақ қаһарманы Руслан Аушевтің атасы). 1919 жылы Хасан қызыл партизандар қатарында деникиндіктермен соғысты. Қартайған шағында жұбайы Патима екеуі үй іргесіндегі телімнен түскен кішкентай ғана өніммен күнелтіп жатыр еді...

Жалғасы бар...


2305 2
Рейтинг: +5

Қосылған күні: 19 қазан 2012, 04:19
Пікірлер
+0
19 қазан 2012, 10:59

Мемлекет көлемінде атап өтуге тұрарлықтай кісі еді.

+0
19 қазан 2012, 12:15

"Қазақ достарым үшін өте қуаныштымын, тіпті, қазақ болып тумағаным үшін өкініп қалдым". Теңізді тамшысынан...

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Эссе жаза аласың ба?
Эссе жаза аласың ба?

ҰБТ-ның жаңа форматына сай эссе жазуды бірге үйренейік!

Автор: Аида Жеңіс
Шетелдік сериалдардың әсері.
Шетелдік сериалдардың әсері.

Шетелдік сериалдардың әсері.

Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?
Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?

Әрбір адамның өз міндеттері мен жауапкершілігі бар ғой, сол сияқты менің де ене...

Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.
Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.

Қазалы адамдар саны - 71. Апат туралы.

Автор: Olzhas Samatov
Құрбы керек...
Құрбы керек...

жақында өшіріледі.

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...