Нил Армстронг теңізде жерленетін болды

Нил Армстронг теңізде жерленетін болды

Астронавт Нил Армстронг теңізде жерленетін болады. Бұл туралы марқұмның отбасының баспасөз хатшысы Рик Миллер айтты, деп хабарлайды AFP.

Миллердің айтуынша, жерлеу рәсімі 13 қыркүйекке белгіленген Вашингтонда өтетін қайраткермен қоштасу салтанатынан кейін жабық түрде жүргізіледі. Хатшы жерлеу рәсімі туралы толығырақ ақпарат берген жоқ.

ва

Нил Армстронг

Атақты ғарышкер 1930 жылы тамызда Огайо штатында Вапаконета деген қалада дүниеге келген болатын. Сонымен қатар, ол 1950-1953 жылғы Корей соғысына қатысқан. 1956 жылы өзінің НАСА станциясындағы жұмысына қайта оралады. 1966 жылы Apollo-1 ғарыш кемесінің командирі ретінде тарихта екінші рет ғарышқа ұшты. 1969 жылы 20 шілде күні (ортаевропаның уақыты бойынша сағат 3.56) Айдан тікелей байланысты күтіп отырған Жердегі миллиондаған телекөрермендерді таңдандырып айға қонды.

Әлем халқына үлгі болған ол сексен үш жастың сеңгірінде өмірден өтті.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

суреттер: theregister.co.uk, dawn.com