Көшеге қойылған тоңазытқыш

Көшеге қойылған тоңазытқыш
Фото: ofigenno.cc

Айдың аяғында жалақы не шәкіртақы кешігіп түсетін жағдайда бірер күн жерге азық болмай қалса, тулап шығатын мінез әр адамда кездеседі. Ал сондай кезде өмір бойы аш жүрген адамдар туралы ойлаймыз ба? Алысқа бармай-ақ, отызыншы жылдары ашаршылық кезінде қара суды қайнатып ішіп, нәр қылған өз ата-бабамызды еске түсірсек болады.

Заман ілгеріледі, технология дамыды дегенмен, асқазан мәселесі әлі толық қанды шешілмеген ел көп. Осы мәселе миын шаққан Сауд Арабияның азаматы сәл де болса көмек болсын деп, көшеге тамақ толы тоңазытқыш қойды. Ол орнатқан тоңазытқыштан кез келген мұқтаж адам қалағанынша азық-түлік алып кете алады.

Жақсылықты жариясыз жасауды жөн көрген кісі аты-жөнін жарияламай, жасырын түрде қалдырды. Бұл игілікті істі бірнеше адам өзінің әлеуметтік желісінде жарыса жазып, өзгелерге үлгі етті. Артынша Қазан қаласында, тағы басқа елдерде де осы үрдіс белең алды.

Жақсылық жасау сіздің де қолыңыздан келеді. Далаға тоңазытқыш қоймасаңыз да, әлеуметтік желілерде бөліссеңіз, біреу болмаса біреу біздің елімізде де осы шараны қолға алар...

@. @assel_assanova