Достық қылғың келсе...

Достық қылғың келсе...

Көпшілігіміз бөтенге мойын бұрмақ түгілі, өзіміздің халімізді қарық қыла алмай жүрген шығармыз. Яки, көңілімізді өзімізге ғана бөліп отыруды дұрыс деп есептейміз. 

Дегенмен бір-бірімізге көмек көрсетіп, мейірімділік танытпасақ, қоғам құлдырап, азғындыққа ұшырайтыны анық. Бұл - өмірдің қара қазанында қайнап шыққан шындық.

Олай болса, назарларыңызға адамзат ойшылдарының осы туралы айтқан кейбір пікірлерін ұсынамыз.





  1       Бір адамды қиындықтан құтқара отырып, барша адамзатқа пайда қыласың. *** 




  2       Жомарт адам - керекті уақытта, мұқтаж адамға, керек нәрсесін бере алатын жан. Аристотель 




  3       Жомарттық көп берумен қатар, мұқтаждың қажеттілігін дәл тауып, уақытында көмектесе білумен бағаланады. Ж.Лабрюйер 




  4       Мұқтажға көмек беруге асығалық. Көмегіміз неғұрлым тез болса, ол соғұрлым еселене түседі. Публилий Сир 




  5       Достық ақыл-кеңес пен достық көмектің арасы жер мен көктей.  Пшекруй 




  6       Жомарттықтың шыңы мұқтажға барыңды беру емес, - оның өліп жатқан асыл қасиеттерін оятып, өз байлығын өзіне көрсете білу. Б.Дизраэли 




  7       Мейірімділіктің бірнеше сатысы бар. Оның ең жоғарғысы - адамды өз-өзіне көмек көрсетуге үйрету. *** 




  8       Әрдайым адам баласына көмектесуге асығып, елгезек болып тұрған жақсы. Бірақ ешкім өтінбесе, бөтен іске басты сұға беру құптарлық іс емес. *** 




  9       Жақсылыққа тосқауыл жасаудан артық зұлымдық жоқ. Н.А.Бердяев 




10       Өзіңнің жақыныңды сүйе біл. Яғни, оның өзінше ой ойлап, пікір етуіне мұрша бер, оның ойын шектеме. Осыны ескермеудің себебінен көп достардың арасына сызат үсуі мүмкін. Ф.Ницше 




11       Өмірдің қызығын байлық пен тәннің рахатынан ғана көретін жандарға қиналған шағында тірек болу өте қиын. К.Антарова 




12       Еріншектің ісін істеп беру арқылы оған пайда емес, зиян келтіресіз. *** 




13       Адамға өмір біреуге құл болу үшін емес, өзінің адамшылық қасиетін дамытып, белгілі бір мақсатқа ұмтылу үшін берілді. В.Зеланд 




14       Кеңеске құлақ түріп, одан мән іздеуге тырыспайтын адамға көмектесу мүмкін емес. Б.Франклин 




15       Сізден ақша сұрап тұрған адамға ақыл-кеңес айтпаңыз. П.Кальдерон 


 

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: live-blogs.ru