Оқи отырыңыз

Болмысты да, болмасты да,
Болады деп арманда!

Автор: Мұқағали Мақатаев

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Еділ Ерғожин - қазақ ғылымының локомотиві

Еділ Ерғожин - қазақ ғылымының локомотиві

Еділ Ерғожин - қазақ ғылымының локомотиві

Аяулы Массагеттіктерді бүгіннен бастап Қазақстан жерінде дүниеге келіп, өмірін елге қызмет етумен өткізіп келе жатқан марғасқалармен қысқаша таныстыруды қолға аламыз. 

Бүгін сіз бен біз химик ғалым Еділ Ерғожин туралы аз-кем сұхбат құрып көрелік.

Еділ Ерғожин Алматы облысындағы Екпінді селосында дүниеге келді. 1963 жылы Қазақ Мемлекеттік Университетінің химия факультетін қызыл дипломмен бітірген оның ғылым жолындағы қадамы сол кезден басталды. 

Еділ ағамыз еңбек жолында 35 доктор мен ғылым кандидаттарын дайындап шықты. 400-ден аса ғылыми жұмыстың авторы. Соның ішінде 5 монография, 2 оқулық, 24 әдістемелік құрал және 160 өнертабыстың авторы екендігін ерекше айтып өту керек.

1974 жылы химия ғылымдарының докторы атағын алды. 1978 жылдан бері ардақты профессор ретінде ел аузында жүр. 

в

Еділ Ерғожин радио тыңдармандары үшін сұхбат беруде

1980-1988 жылдар аралығында жоғары молекулярлы қосылыстар химиясы кафедрасының меңгерушісі, химия факультетінің деканы, Қазақ Ұлттық Университетінің проректоры және ректоры болып қызмет етті.

Ұлттық ғылым академиясының (1989), Нью-Йорк ғылым академиясының академигі (1994), Қазақстан Республикасының ғылым қайраткері (1984), Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты (1982) ретінде көпшілікке танымал, абыройлы тұлға.

1988 жылдан кейін ҰҒА-дағы Химия институтының директоры болып қызмет қылды. 1994 жылдан соң, Ұлттық Ғылым академиясының вице-президенті болды. 

Еділ Ерғожин Қазақстандағы иондық алмасу химиясы мен мембраналық технологияның негізін салушы. Электродиализдік тұщыту қондырғысын ойлап тауып, өндіріске енгізген. Краун қосылыстары негізіндегі селективті сорбенттерді синтездеу жөніндегі жаңа ғылыми бағыт қалыптастырды.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: dialog.kz, alashainasy.kz

3336 0
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 12 маусым 2012, 17:01
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...