Оқи отырыңыз

Көркем сөз – көңіл тілі,
Жалаң сөз – зейін тілі.

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Массагет жастарды жұмысқа шақырады
Массагет жастарды жұмысқа шақырады

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Кітаптарды өртегеннен де ауыр қылмыс бар

Кітаптарды өртегеннен де ауыр қылмыс бар

 Кітаптарды өртегеннен де ауыр қылмыс бар

Әлемнің кез келген жұрты білуі тиіс жазушы бар. Ол - Рэй Брэдбери. «Фаренгейт бойыша 451 градус», «Марс шежірелері» сияқты фантастикалық жанрдағы шығармаларымен жұрттың арман-аңсарын өзіне аударып, талғам мен тілегіне сай туындыларды өмірге әкелген Рэй Брэдбери.

Ғұмырында  27-ден астам романның, ертегі кітаптарының авторы 1920 жылдың 22 тамызында қарапайым жұмысшылар отбасында дүниеге келген. Балалық шағын Уокиган қалашығында өткізіп, кейінірек жақын маңдағы штаттарға оқуға аттанады... Өмірінің соңғы он жылын Лос-Анджелес қаласында өткізген жазушы бір апта бұрын 91 жасында дүниеден озды.

Бүгін сіздерге ел жадында мәңгі сақталып қала беретін жазушының 5 қанатты сөзін назарға ұсынбақпыз.

1. Кітаптарды өртегеннен де ауыр қылмыс бар. Мәселен - оларды оқымау.

2. Дәл қазір 10 секундтан  соң өліп кететіндей  көзіңді кең ашып, ашқарақ  секілді өмір сүр. Бүкіл әлемді көруге тырыс. Ол ақшаға сатылып алынған немесе фабрикаларда жасалып шыққан армандардан көп есе артық, әрі ыстық. ...Кепілдік сұрама, тыныштық іздеме - өмірде мұндай жыртқыш жоқ.

3. Егер біз ақыл-ойымызды тыңдасақ, онда бізде ешқашан махаббат болмас еді. Ешқашан достық та болмас еді. Ешқашан біз ұлы қадамдарға бармас едік, себебі арсыз сұрақтар туындайтын еді: "Бәрі өзім ойламағандай.." немесе "Ол мені тастап кетеді" не болмаса "Бір рет күйгенім де  жетер, бәріне...". Бұның бәрі барып тұрған ақымақтық. Бүйте берсең бүкіл өмірді уыстан шығарып алуға болады. Қай уақытта болмасын жардан төмен секір және төмен қарай қанатты жай.

4. Адам он жеті жасқа дейін бәрін білетін болады. Егер сол жан жиырма жеті жаста да баяғыша бәрін білсе - онда ол дегеніміз, ол әлі он жеті жаста.

5. Өмірден бірінші білуің керек нәрсе - өзіңнің ақымақ екендігің.

Соңғы білетінің - сол баяғы ақымақ болып қала бергендігің.

Сурет: vk.com

Дайындаған: Фараби Бақыт

3354 6
Рейтинг: +3

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 13 маусым 2012, 14:46
Пікірлер
+0
13 маусым 2012, 15:11

..Кепілдік сұрама, тыныштық іздеме - өмірде мұндай жыртқыш жоқ.

+0
13 маусым 2012, 15:55

жыртқышы нес, лібә :lol:

+0
13 маусым 2012, 15:40

Брэдберидің "Бақбақ шарабы" ерекше туынды. Әңгімелері де мықты.

+0
13 маусым 2012, 15:49

жаман айтып-айтып тастапты!

+0
13 маусым 2012, 16:04

Оның "Маған келешекте не боларын болжап бер дейді, ал мен болсам сол келешекті болдырмауға тырысудамын" деген сөзі бар. Цитата дәл болмауы мүмкін, бірақ мағынасы сол. Ұлы фантаст болашақтағы қандай сұмдықтарды көрді екен? Менімше оның айтқаны адамзаттың рухани азғындауы болар.

+0
13 маусым 2012, 15:54

брэдбериді естігенім бар 451 граудусов по фаренгейту деген кітабы жақсы деп естуім бар

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Жасанды тіс-имплантат
Жасанды тіс-имплантат

Оқып,көңіліңізбен бөлісе отырыңыз!

Тыйым салынған махаббат
Тыйым салынған махаббат

Кино-сериалдағы махаббат өмірде бар ма екен деген сұраққа жауап

Бақытты едім...
Бақытты едім...

Бұл жазып отырғаным дұрыс па, бұрыс па білмеймін...

Автор: Misha Serikov
МЕН КӨЗБІН
МЕН КӨЗБІН

Жансыз көзге жан бітірдім


Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...