Ең ұлы ұстаз - уақыт

Ең ұлы ұстаз - уақыт

Қайран уақыт... Кейбір адамдар уақытты өміріміздің ұрысы деп есептесе, бірі уақыт - ұлы ұстаз деген пікірде. Қалай болғанда да, жер бетіндегі әркімнің тірлігі уақыт пен кеңістікке тікелей байланысты.

Осы орайда назарларыңызға планета ойшылдарының осы туралы айтқан кейбір қанатты сөздерін ұсынамыз:

  • Уақыт біреуге ұзақ, біреуге қысқа болып көрінуі мүмкін. Бұл оның қандай іспен, не тірлікпен толтырылғандығына байланысты. Самуил Маршак
  • Көп адам өмір сүру үшін уақытының басым бөлігін жұмыс істеуге жұмсайды. Ал қалған бос уақытта бойындағы стресстен арылуға тырысып күн кешіп жүр. Иоганн Вольфганг Гете
  • Уақыт бізге берілген үлкен сый. Бізді ақылдылыққа, талаптылыққа, жігерлілікке үйрететін басты ұстазымыз - осы. Томас Манн
  • Уақыт жақсы ұстаз. Бірақ бір өкініштісі ол барлық шәкірттерін өлтірмей тынбайды. Гектор Берлиоз
  • Уақыт біздің ойымыздан да жүйрік. Анжелика Миропольцева
  • Дерттердің басты емшісі - уақыт. Аврелий Августин
  • Уақыт күтпейді. Вальтер Скотт
  • Уақыт бір орында тұрған нәрсе. Оның жанынан біз жүгіріп бара жатқандықтан ғана ол жүйіткіп бара жатқандай көрінеді. Пьер Буаст
  • Уақыт ақша секілді нәрсе. Оны пайдасыз жойып, жоқ қылмаңыз. Сонда сізден артық уақытқа бай адам болмайды. Гастон Левис
  • Уақыт бәрін алып кетеді. Бәрінің иесі сол. Публий Вергилий
  • Тарих әрқашан қайталанып отырады. Фрэнсис Бэкон
  • Күндеріміз сондай ұзақ! Жылдарымыз сондай жүйрік! Альфонс Доде
  • Уақыттың қадірін білмейтін адам құрметке лайық емес. Люк де Клапье Вовенарг
  • Уақытты босқа жіберіп алудан артық өкініш жоқ. Иоганн Вольфганг Гете

сурет: mirvam.org