Оқи отырыңыз

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Прозада төңкеріс жасаған Марк Твен

Прозада төңкеріс жасаған Марк Твен

Прозада төңкеріс жасаған Марк Твен

Марк Твеннің шын есімі - Сэмюэл Лэнгхорн Клеменс. Қазіргі кезде ел-жұрт оны талантты жазушы, әйгілі қоғам қайраткері ретінде таниды. Марк Твен 1835 жылдың 30 қарашасында АҚШ-тағы Миссури штатында дүниеге келді. Он екі жасқа келгенде әкесі дүние салып, отбасы материалдық қиындыққа қалды. Осының әсерінен жас бала типографияға жұмысқа тұрып, жастайынан еңбекке араластыі. Тап сол жерде өзінің туған ағасы да жұмыс істейтін еді. Сонда жүріп Сэм аздап мақала жазуды да меңгерді.

18 жасқа келгенде елді аралап, саяхаттап та үлгерді. Сонымен қатар кітап оқуды ерекше сүйетін еді. Бала кезінен бастап Теккерей, Диккенс, Эдгар По, Шекспир, Сервантес секілді классиктердің еңбегімен таныс болған ол өте білімді болып өсті.

Кейінірек Сэмның бала арманы орындалып лоцманның көмекшісі болып қызметке орналасты. Тіпті өз бетінше кемелерді де басқара алатын жағдайға жетті. Бірақ көп ұзамай басталған азаматтық соғыс оған бұл салада еңбек етуге мұрша бермеді. 

1861 жылы Сэм ағасымен қосылып елдің батысына күміс кенінің көзіне байлық іздеп аттанады. Дегенмен бұл талпыныстан ештеңе шықпады. Есесіне Сэм Клеменс осында жүріп жазушылық қабілетін шыңдады. Осылайша 1863 жылы оның алғашқы әңгімесі жарық көрді. Туынды «Mark TWAIN» деп аталды. Осының әсері болса керек, кейінірек Сэм Марк Твен деген лақап атпен таныла бастады.. 

Түрлі саланың адамдарымен таныстығы оны жазушы ретінде дамыта түсті. Неге десеңіз осы білгендері арқылы ол Америка халқын әзіл-қалжың формасында сипаттап, көптеген туындылар жазып шықты. 

ы

"Том Сойер" фильмінен көрініс (2011). Режиссер: Хермини Хунтгебурх

Шыны керек, Твенді бастапқы кездері ешкім тұлға ретінде қабылдаған жоқ. Бірақ кейінірек Марк Америка прозасында төңкеріс жасады. Қарапайым халықтың бет бейнесін шынайы бейнелеп, көпшіліктің жүрегін жаулап алды. Тіпті біршама шығармалары кейінірек экранизацияланды.

Қазақ оқырмандарына жазушының «Том Сойердің бастан кешкендері», «Ханзада мен жарлы», «Гекльберри Финнің оқиғасы» атты еңбектері кеңінен танымал. 

Марк Твен 1910 жылдың 21 сәуірінде дүниеден озды.

сурет: everywritersresource.com, radioromantika.ru

6896 2
Рейтинг: +1

Қосылған күні: 25 мамыр 2012, 10:18
Пікірлер
+0
25 мамыр 2012, 12:55

«Ханзада мен жарлы» - мықты туынды ғой

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

СОҢҒЫ ЫСҚЫРЫҚ
СОҢҒЫ ЫСҚЫРЫҚ

Футбол, ЕУРО-2016

Әр қазақ менің жалғызым!
Әр қазақ менің жалғызым!

Шетелдегі қандастарымыз туралы, қазақтың қошы-қон саясатының олқылықтары жайлы

Мен де адаммын!
Мен де адаммын!

Атымды адам қойған соң, Қайтіп надан болайын?

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...