Марк Твеннің насихаты

Марк Твеннің насихаты

Ардақты оқырмандардың назарына 18 ғасырдың жазушысы, америкалық  публицист, қоғам қайраткері Марк Твеннің қанатты сөздерін ұсынамыз.

  • Мейірімді болу - ұлы іс. Ал өз жақсылығын жұртшылыққа айтпай, құпия сақтаған адам одан да ұлы.
  • Күнделікті тірлікте ар мен ұждан туралы ұмытып кетуіміз мүмкін. Сондықтан қолымыз қалт етіп, босай қалған жағдайда, өз-өзімізді жөндеумен айналысқанымыз жөн.
  • Әрқашан шындықты айтсаң, өтірігіңнің ашылып қалуын уайымдап, қайғыға салынбайсың.
  • Қайғыны адам баласы жалғыз өзі көтеруі мүмкін. Бірақ басқа келген бақ пен қуанышты елмен бөліскені жақсы. Сол жағдайда кеудедегі шаттық еселене түседі.
  • Өлген кезімізде қабір қазып, жан бағып жүрген адамның өзі қайғыратындай қылып сүрелік өмірімізді.
  • Жылы жүректі көзі жоқ соқыр да, құлағы естімейтін саңырау да көріп, ести алады.
  • Өміріңіздің біржақтыланып кеткенін байқасаңыз, дереу өзгеруге тырысыңыз.
  • Сізді кемсітіп, ақылсыз қылып көрсетуге тырысатын адамдардан сақтаныңыз. Шын дос сізге ерік-жігер беріп, демей түсер.
  • Менің бала кезімде өз әкем тым ақылсыз болып көрінетін еді. Бірақ есейіп, жиырмаға толып, жігіт атанғанда, оның даналығына таңқалудан шаршамайтын едім. 
  • Кей жерде сөзден гөрі үнсіздік пайдалырақ.
  • Адамның кім екендігін жүрегіне назар салып біл.
  • Халықтың көрмейтін нәрсесі болмайды. Сондықтан, елдің назарынан қорқыңыз.
  • Өміріміздің жайнап, көңіліміздің қайнауы айналамызды қоршаған адамдарға тікелей байланысты.
  • Не айтарыңды білмесең, шындықты айт.

сурет: famous-wallpapers.com