Цицеронның қанатты сөздері

Цицеронның қанатты сөздері

Аяулы оқырмандар! Назарларыңызға Рим империясының әйгілі шешені, қоғам қайраткері Марк Туллий Цицеронның қанатты сөздерін ұсынамыз.

  • Күмәндану арқылы шындыққа жет.
  • Адамның келбеті жүрегінің айнасы.
  • Көп өтірік айтатын адамдар шыншыл болып көрінуге тырысып бағады.
  • Қолыңнан келсе, істе!
  • Жұмыс істеген адам дұрыстап демала да білуі керек.
  • Кез келген ілімді айқын түсіну үшін ұқыптылық керек.
  • Барлық нәрсені біліп, анализ жасай білу аз. Сонымен қатар, соған байланысты сауатты қадам жасай білу керек.
  • Сананы тұрмыс билейді.
  • Планетадағы әр адам өз ақылымен ойланып, өзгенің пікірінен тәуелсіз шешім шығара білуі керек.
  • Жазу өнері шешендікке баулиды.
  • Білім дегеніміз заңдар мен ережелерді құрғақ жаттау емес, - олардың мағынасына жетіп, мәнін түсіну.
  • Өмір бойы сүйіп, махаббатыңды төккің келетін адамды да таңдай біл.
  • Шектен тыс көп тамақтану адамды қуаттандырудың орнына сылбыр қылады.
  • Ар-ұждан - Құдайдың сыйы.
  • Тура биде туған жоқ.
  • Көпшілік алдында сөйлегісі келген адам айтқалы отырған әңгімесінің мәніне жетіп алмаса, сөзінің құр былдырдан айырмашылығы қалмайды.
  • Биліктің ең зоры -өзіңді өзіңе бағындыра білу.
  • Адамзат баласының арасындағы бауырмалдық пен достықты сақтап тұруға тырысу әркімнің парызы.

сурет: nnm.ru