Поп музыкаға жаңа леп әкелген Джеймс Браун

Поп музыкаға жаңа леп әкелген Джеймс Браун

Джеймс Браун деген есімді оқырмандардың бірі білсе бірі білмеуі мүмкін. Бүгін сіздерді осы есіммен таныстыруға тырысамыз.

Джеймс Браун поп музыкаға көп еңбегі сіңген қоғам қайраткері. Ол, сонымен қатап фанк, ритм-энд-блюз стилінде шеберлігін сынаған тұлға. Оның музыкаларының сапалылығы сонша әлі күнге дейін маңызын еш жоғалтпай келеді. Ол аз десеңіз, әлемдік Rolling Stone журналының құрған рейтінгісінде рок-н-рол дәуірінің ең беделді тұлғалары ретінде бағаланып, тізімнің жетінші сатысында көрінді.

куДжеймс Шығыс Каролина аймағының тумасы. Бірақ өмірінің көп бөлігін Джорджия штатындағы Атлантада өткізген. Отбасындағы материалдық жағдайы бала кезінде мәз емес еді. Соның әсері болса керек, жас бала бұзықтарға еріп, балалықтың әсерімен біршама тентек болып өсіпті.

Осындай қиын жағдайда жан бағып жүріп болашақ композитор музыкамен де айналысты. Расында оның ерекше қабілеті тыңдаған жанды елітіп әкететін еді. Ақыры 24 жасқа келгенде, жас Джеймсты The Famous Flames тобына әнші ретінде өнер көрсетуге шақырады.

Джеймс Браун. "Papa's Got a Brand New Bag"

1965 жылы оның синглдары алғаш рет музыка дүкендерінде сатыла бастады. Албомы сол кезеңдерде лезде сатылып, тыңдарманның көңіл қошын келтірген еді. Әсіресе "Papa's Got a Brand New Bag" әні тыңдармандар арасында кең таралды. Осы композиция үшін ол кейінірек Грэмми сыйлығына ие болды

Кейбір сарапшылар Браунды фанк бағытының негізін салушы деп те айтып жүр.

Әйгілі музыкант 2006 жылы пневмония ауруынан дүние салды. 

суреттер: kinopoisk.ru