Авраам Линкольннің қанатты сөздері

Авраам Линкольннің қанатты сөздері

Оқырманның назарына Американың он алтыншы президенті, публицист Авраам Линкольннің ел арасында кеңінен танымал қанатты сөздерін ұсынамыз.

  • Егер маған бір кісі ұнаса, міндетті түрде онымен танысуға тырысамын.
  • Артымнан айтылған жалған, жала сөздерге ешқашан мән беріп көрген емеспін. Өтірік сөзге күйіп-пісудің не қажеттілігі бар?
  • Адамзат баласының ұлы ойларының қоймасы - кітап.
  • Бірен саран адамды өмір бойы алдап өтуге болады. Бірақ халықты өмір-бақи алдап өмір сүру мүмкін емес.
  • Пайдасыз, баянсыз нәрсеге ұмтылып, өміріңді босқа кетірме.
  • Егер маған бір кісі тіптен ұнамаса, міндетті түрде онымен жақын танысуға тырысамын.
  • Тағдырдың қиыншылықтарына кез келген адам төтеп бере алады. Адамды шын сынағың келсе, оған билік бер.
  • Әкем маған жұмысты сүюді емес, жұмыс істеуді үйретті.
  • Еркін, өз еркімізбен істелген жұмыстан ғана бір нәтижеге жете аламыз.
  • Билікке жай ғана атақ үшін ұмтылу еш пайда бермейді. Тіпті сол таққа жеткен күннің өзінде, мақсатсыз, құр мақтан адамға рухани тыныштық әпере алмайды.
  • Өзімнің атамның уақытында кім болып, не жетістікке жеткенін білмеймін. Мені одан гөрі ұрпағымның халі қызықтырады.
  • Жолдасымызға өз қолынан келетін істі жасап беру арқылы көмектесу мүмкін емес.
  • Халықтың сенімін бір жоғалтқан адам бар сый-құрметінен де айырылады.
  • Халыққа шындықты айту арқылы түрлі алапаттардан құтқара аламыз.
  • Мен жауларымды қырып-жойып жеңбеймін, оларды өз достарыма айналдырамын.
  • Мен жаманшылық қылсам, өзімді жайсыз сезінемін. Жақсылық қылсам, рахат күй кешемін. Міне, менің дінім.
  • Өмірдің ең тәтті қызығы - адал достарыңның көп болуы.

сурет: collectpics.com