Ларошфуконың насихаты

Ларошфуконың насихаты

Аяулы оқырмандарға 17 ғасырда өмір сүрген француз халқының әйгілі жазушысы, философ-моралисі Франсуа де Ларошфуконың қанатты сөздерін ұсынамыз:

  • Адам баласы миын жұмыс істетуге ерінгендігінің себебінен, денесіне тыным таптырмайды.
  • Әрбір адам бөтеннің құпиясын білгісі келіп құмартса да, өзінің сырын көпшілікке ашқысы жоқ.
  • Адам баласы ешқашан абсолют жаман немесе абсолютті түрде жақсы болмайды.
  • Бөтеннің жақсылығын қызғанған адам қолында тұрған өз нығметінен айырылады.
  • Көпшілгіміз бақытты болуға тырысудың орнына, бақытты болып көрінуге тырысып жүрміз.
  • Еңбек арқылы ғана басқа түскен қайғыны жеңіп шығуға болады.
  • Басқа түскен қиыншылықтың қанша уақытқа созылатындығы тікелей өзімізге байланысты.
  • Адам баласында махаббат оты оянса, барынша мейірімді, кешірімді бола түседі.
  • Назары тар, білімі таяз адамды алдау өте оңай болады. Сондықтан, дүниетанымымызды арттыруға тырысалық.
  • Шектен тыс құмарлық ақылы бар адамды бір сәтте ессізге айналдырады.
  • Бойымыздағы кейбір кемшіліктерді оңтайлы пайдалана білсек, ол біздің артықшылығымызға айналады.
  • Нағыз ақылдылық әр нәрсенің шынайы бағасын білу.
  • Білімсізді білімді етуге болса да, ойлау жүйесі бөлек адамды жөндеу оңай емес.
  • Өзінің қателігін мойындайтын адам ғана көпшіліктің қудалауынан қорқады.
  • Кейбір жастардың табиғи мінез-құлықты дөрекілік көрсету деп түсінуі дұрыс емес.
  • Қызғаншақтық сүйіспеншіліктен гөрі, өзімшілдікке келеді.

сурет: liveinternet.ru