Оқи отырыңыз

Биікке көтерілгісі келетін адам баспалдақ жасап шығады.

Автор: Жапон мақалы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Гетенің қанатты сөздері

Гетенің қанатты сөздері

Гетенің қанатты сөздері

Оқырмандарға 18-19 ғасырлардағы көрнекті тұлға, ұлы жазушы Иоганн Вольфганг Гетенің айтып кеткен қанатты сөздерін ұсынамыз. Гете жаңа замандағы неміс әдебиетінің негізін салушы, жаратылыстанушы, адамзат тарихындағы әйгілі ойшыл екендігін айта кетелік.

  • Адам болу оңай іс емес. Тек ерік-жігері мықты адам ғана адамдықтың шыңына жете алады.
  • Даналық дегеніміз - шындық.
  • Болашағына сенбейтін адам өлікпен тең.
  • Адамның бойындағы құрметтеуге тұратын ең ұлы қасиет - өз Отанына деген махаббат.
  • Адам жақсылыққа өз еркімен бет бұрса ғана нәтиже шығара алады.
  • Айналаңа деген қызығушылығың азайса, есте сақтау қабілетің де нашарлайды.
  • Ештеңе істемеген адам ғана қателеспейді.
  • Жануарлар өздеріне тән рефлекстерінің басқаруымен өмір сүреді. Адам баласы өз тәнін өзі басқарып өмір сүруі керек.
  • Ең жақсы мектеп - өмір мектебі.
  • Ұлылардың өзі өзіңіз секілді қарапайым адам екенін ұмытпаңыз.
  • Жас кезде қателесуден қорықпалық. Қайта солардан сабақ алалық. Қартайғанша қателесумен өмір өткізуден сақтасын.
  • Ерегісіп тұрған екі адамның төрелігін айтсақ, былай болады. Сол екі адамның қайсысы ақылдырақ болса, даудың басталуының кінәсі соның монында.
  • Өз-өзін тани алған адам ғана еркіндікке бой ұра алады.
  • Әркім түсінгенін естиді.
  • Ақылы тар адам өз пікірін өзгеге таңуға бейім болады.
  • Алғашқы ілгекті дұрыс қадамаған адам, қалған ілгектерді де ретімен қадай алмайды.
  • Адам өз ойы арқылы өз мінезін қалыптастырады.
  • Қолдана білмесең, бойыңдағы білім құр босқа, пайдасыз шіри береді.

сурет: nnm.ru

9415 0
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 07 мамыр 2012, 15:11
Пікірлер
+0
07 мамыр 2012, 15:30

Жас кезде қателесуден қорықпалық, депті. Қателеспейік )

+0
07 мамыр 2012, 16:43

Ештеңе істемеген адам ғана қателеспейді. :!:

+0
07 мамыр 2012, 17:05

Адамның бойындағы құрметтеуге тұратын ең ұлы қасиет - өз Отанына деген махаббат.

+0
07 мамыр 2012, 17:09

бәрі жақсы ғой, енді қанатсыз да сөздерін оқысақ деген ниет бар :lol: :lol:

+0
08 мамыр 2012, 09:54

Тамаша сөздер. Оқи отырып, еріксіз ойға қаласың.

+0
08 мамыр 2012, 10:24

Алғашқы ілгекті дұрыс қадамаған адам, қалған ілгектерді де ретімен қадай алмайды. :D - не деген жаңалық?

+0
24 мамыр 2012, 10:00

жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)
Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)

Қызық болған,бұзық болған ауылым :)

МЕН ӨТІРІКШІМІН...
МЕН ӨТІРІКШІМІН...

Мен ылғи өтірік айтамын, маған сенгендерге күліп қарап....

Қып-қысқа блог. Оқыңыз!
Қып-қысқа блог. Оқыңыз!

"Маған сенесіңдер ме?" дейді махаббат...

Мақсат-арманға жету жолындағы алғашқы баспалдақ.
Мақсат-арманға жету жолындағы алғашқы баспалдақ.

"Мен істей аламын" демеңіз, "Мен істеймін" деңіз"!


Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...