Эрнест Хемингуэйдің өмір жолы

Эрнест Хемингуэйдің өмір жолы

Оқырмандарды 20 ғасырдың айтулы жазушысы Эрнест Хемингуэйдің өмірімен таныстырғымыз келіп отыр.

Эрнест Хемингуэй 1899 жылдың 21 шілдесінде Чикаго қаласының маңында дүниеге келді. Жастайынан өжет, тік, батыл болып өскен ол аңшылықты, балық аулауды жан-тәнімен сүйді. Осы еркелігімен басын талай бәйгеге тігіп, өмірі қыл үстінде жүргендей көрінетін. 

Эрнест бала кезінен-ақ, жазуға деген икемін көрсетіп, оқыған жұртты таңдандыратын. Осы дарынының арқасында 18 жасында жергілікті «Канзас Стар» газетіне журналист болып қызметке тұрады. Эрнесттің стилінің бір ерекшелігі нақтылық пен түсініктілік еді. Жұмысқа алушылар Эрнест стилінің осы ерекшелігін бағалаған болатын.

Бірақ жазушының тыныш өмірі бұлай жалғаса бермеді. Ол 1918 жылы өз еркімен фронтқа сұранады. Соғысып жүріп, минаға тап болып, ауыр жарақат алады. Жарақаттың ауырлығы соншалық, денесіне 237 жерден мина ұшқыны тигенін көрген адам жылап, аяныш білдірмей тұра алмады. Бұл Италияда орын алған оқиға еді. Осы жарақаттар кейіннен Эрнесттің жайлы өміріне біраз кедергі болады.

Бірақ әлбетте жазушы өзі сүйген саласындағы жұмысын тоқтатқан жоқ. Қойын дәптеріне біраз дүниелер жазылған еді. Бар қызық сол дәптердің саяхаттап жүріп жоғалған кезінде орын алды. Одан кейін Хемингуэйдің шығармашылығында ерекше сілкініс болды. Оның жаңа шығармалары көпшіліктің көңілін дөп басып, «Қазіргі күндер» атты топтамамен жарық көрді. 

ва

Эрнест Хемингуэйдің жұмыс үстелі

Америкалық жазушы Гертруда Стайн Эрнестпен құрған бір сұхбатында фронтта өмірін өткізгендерді "жоғалған ұрпақ" деп атап еді. Осы сөз Хемингуэйдің жүрегіне қатты әсер етіп, «Арайлап атқан таң» атты роман жазып шықты. Кітап соғыстан кейінгі өмірге, тыныс-тіршілікке арналды. Әсіресе соғысқа қатысқан адамдардың өз-өзін табуы туралы әңгімеленді. 

Жазушы өзінің хоббилері туралы да ықыласпен жазды. «Тал түстегі өлім» романында испандық коррида туралы әңгімеледі, «Қош бол, майдан!» атты романында өз өмірі туралы, өміріндегі махаббат оқиғаларын әдемілеп жеткізген. 

Жалғасы мына жерде

сурет: imageshack.us, copyright.od.ua