Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Көшкімбаев Сапар Хайсаханұлы: "Еңбегі аздың өнбегі аз"

Көшкімбаев Сапар Хайсаханұлы: "Еңбегі аздың өнбегі аз"

Көшкімбаев Сапар Хайсаханұлы:

«BDO Казахстанаудит» бас директоры, Еуразиялық сертификатталған бухгалтерлер мен аудиторлар кеңесінің төрағасы (ЕСБАК) Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Көшкімбаев Сапар Хайсаханұлы биік шыңдарды қалай бағындыру, өз мақсаттарыңды қалай іске асыру жайында «Massaget.kz» порталының  оқырмандарына сұхбат берді. 

- Сапар Хайсаханұлы, қазіргі таңда жаңа ұрпаққа тәлім-тәрбие берер, өнеге болар азаматтар өте аз, сондықтан, сіз секілді елге еңбегі сіңген тұлғалардың тағдырын жазуды жөн көрдік. Өзіңіздің балалық шағыңыз жайлы, оның қалай  және қайда өткені туралы айтсаңыз.

Бұныңызбен келісе алмаймын. Қазақстандық жастардың үлгі тұтар бірегей тұлғасы бар... Басқа қандай елде қарапайым шопанның баласы, металлург тек өз еңбегінің арқасында осындай биік шыңдарға жетуі мүмкін?... Жаңа мемлекеттің негізін салды және оны әлемнің алып державаларының қатарына қосты! Сіз менің кім жайлы айтып отырғанымды білесіз! Ал мен қарапайым адаммын және өмірлік жолым да қарапайым. Өзім теміржолшылар отбасында тудым. Әкемнің  жұмыс орны тұрғылықты болмағанына байланысты бізге әрдайым  мекен-жайымызды ауыстырып тұруға тура келді, дегенмен саналы балалық шағымды Үштөбеде өткіздім десе болады. Орта білімді де осы ауылда алдым , сонымен қатар үздік те оқыдым.  Жоғарғы сыныптарда Алматыға келдім, қалыптасқан дәстүр бойынша туысқандарымның бірге тұрдым. Үйге жақын мектепке бардым, сөйтсем ол еңбектену тәрбиесі мектебі болып шықты. Ол жерде «қиын балалардың»  оқитынын және қалада сондай мектептердің бар екенін мен мүлдем білмеппін. Бұл мектеп мен үшін ең бірінші өмірлік мектеп болып есептелетін шығар. Сонымен қатар. ДОСАФ  мектебіне қатысып жүрдім,  оқуды аяқтағаннан соң, «Электромеханик- дизелист» мамандығы бойынша диплом алдым. Мектеп бітірген соң,  Транспорт инженерлері институтына (қазіргі Транспорт академиясы) «Өнеркәсіптік-азаматтық құрылыс» мамандығына оқуға түстім. Төбелескенім  үшін оқудан шығарылдым. Бұл жерде менен үлгі алмаңдар (күлді), әскерге аттандым,әскерден келген соң Халық шаруашылығы институтына «Финанс және кредит» мамандығына оқуға түстім. Студент бола тұра, оқу мен жұмысты қатар ұстадым. Отбасым үлкен болғандықтан,  сонау бала кезімнен жұмыс істеуге тура келді.  7 жасымнан бастап жазда келісімен егістікте көкөністің  арам шөбін жұлумен табыс таптым.  Тапқан-таянғаныма  мектеп жабдықтарын алатынмын және отбасыма көмектесетінмін.

- Кітап оқуды ұнатасыз ба? Бала кезіңізде қандай кітаптар оқитын едіңіз?

- Алғаш рет әріп таныған кезімде 6 жаста болатынмын. Ал 8 жасымда мен Вальтер Скотт, Майн Рид, Джек Лондонның шығармалар жинағын оқып шықтым.  Үштөбеде жақсы ауылдық кітапхана бар болатын, және мектепбімнің кітапханасы бай болатын.Ол кезде кітап оқу мен үшін өте қызықты болатын,  кітаптар балалық шағымдағы ең үлкен құмарым еді.

- Өзіңіздің тұңғыш жұмыс  тәжірибеңіз жайлы айтып берсеңіз.  

-  Менің алғашқы жұмыс тәжірибем 16 жасымда электрлік-тұрмыстық құралдар зауытында құрастырушы-темір ұстасы қызметінен басталды. Жаңа айтып кеткенімдей, мектепте жаратылыстану ғылымдарын жеңіл түсінетіндіктен,мансабымды  лаборант ретінде жалғастырдым. Мен инженерлер деңгейінде сызбаларды құрастырдым және осы күнге дейін сол кезде құрастырылған сызбалар оқу кітаптары ретінде қолданылады.

- Жас кезіңізде болған  қызықты оқиғалармен бөліссеңіз?

- Негізі жас кезде бәріміз тентек боламыз ғой.  Бір күні мынадай жағдай болды... Еш кінәсі жоқ ауылдан келген қарапайым қызды кемсітіп жатқан жігіттерді көріп, сол қызды қорғаймын деп жігіттермен төбелесіп кеттім. Сол үшін де оқудан шығарылдым,  кейін әскер қызметіне кеттім.

- Басшылық сіздің еңбегіңізді қалай бағалаушы еді? Басшылық жақтан сөгіс естуге тура келуші ме еді?

- Жалпы, мен жаңашыл идеялар мен менің нәтижелі жұмысыма әрқашан мақтау сөздер естуші едім.

- Сапар Хайсаханұлы, қалай финансист болғаныңызды айтып беріңізші.

- Әскер қызметінен оралғаннан соң, Алматы халық шаруашылығы институтына қаржы-кредиттік факультетіне оқуға түстім. Институтты аяқтағаннан соң, Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінде жұмыс істеуді жоспарлағанмын. Барлық қажетті тексерістен өтіп, оған қоса жұмысқа тұру ұсынысын да алып қойғанмын. Бірақ бір кезде Қаржы министрлігінен,  министр орынбасары: «Ол бізде жұмыс істейді» деді. Міне, осылай мен ҚазССР қаржы министрлігінің Бақылау-тексеру басқармасына келдім.

- Кейін мансабыңыздың жоғарылауы қалай болды?

- Шынымды айтсам, басында ол жақта жұмыс істегім келмеді, маған өте қызықсыз болып көрінген,  жұмыс болғаннан кейін.... Алғаш рет біз   ҚазССР Қаржы министрлігінің Бақылау-тексеру басқармасының бастамасымен  шаруашылық есеп тексеру группасын құрдық. Кейінірек ҚазССР Қаржы министрлігінің бастамасымен аудиторлық шаруашылық есеп орталығын құрдық. Кеңес өкіметі ыдырағаннан соң «Казахстанаудит» деп аталатын дербес аудиторлық компаниясын құра бастадық. 1993 жылы Қазақстан Республикасының аудиторлар палатасы құрылды. Ал 2001 жылы Еуразиялық сертификтталған бухгалтерлер мен аудиторлар кеңесі құрылды (ЕСБАК).

- Финансист ретінде айтыңызшы,  қазір Алматы мен Астана қалаларында білім алу үшін барлық жанұяның қалтасы көтермейді, сол үшін әр ата-ана не істеулері керек? Қайдан ақша алуға болады?

- Бір ғана нәрсе айтамын – тек жұмыс істеу керек. Әрқашан және әр жерде бір үзім нанға болса да ақша табуға болады, бастысы жұмыс істеу. Бұл өмірде бір нәрсе иеленгің келсе еңбектен, бір нәрсе істеуге тырыс. Алдыңа мақсат қой және соған жету үшін аянбай еңбек ет. Сапалы білім алғың келе ме – бар күшіңмен оқы, өйткені, ақылы бөлімде оқу міндетті емес, спонсорлық программалар, мемлекеттік гранттар бар. Әке-шешемнің оқытатын қаражаты жоқ, сол себепті оқымаймын дей салу оңай. Ал ең ауыр еңбек – ол білім алу себебі  ол ертеңгілік жетістігіңнің жемісі.

- Үкімет 12 жылдық білім жүйесі туралы қаулы қабылдады. Осы туралы өз ойыңызды білдірсеңіз.

- Шынымды айтсам, оның қандай артықшылықтары бар екенін білмеймін. Кезінде 10 жылдықтан 11 жылдыққа да ауысты, қандай эффект бергенін де білмеймін. Қателесуім мүмкін, бірақ,  менің ойымша, 12 жылдыққа жарататын шығынның орнына ауыл мектептерінің базасын жетілдіруге, кітапханаларды қалпына келтіруге, мектепке жаңа жабдықтар т.с.с.  алған жөн.

- Сіздің ойыңызша, әрбір азамат жетістікке жету үшін қандай мінез ерекшелігі болу керек?

- Меніңше,бұл - сақтық. Себебі, кейде ештеңеге қарамастан, бұзып-жарып өтуден еш пайда жоқ. Бүгін ең бастысы -  жас ұрпақтың жұмысқа деген құштарлығының пайда болуы. Қазіргі жастар тек ақша жайлы ғана ойлайды. Бәрінің бірден болғанын қалайды. Олай ешқашан болмайтынын түсінбейді. Халық даналығы бекер айтылмаған ғой: «Еңбегі аздың өнбегі аз»

- Ертеңінде еліңе танымал болу үшін бүгін не істеген жөн?

- Жаңашыл бір нәрсе айтудың қажеті жоқ.  Оқу, оқу, оқу керек және де жұмыс істеу керек.

- Сіз өмірде табысты адамсыз, ал, қазір нені армандайсыз?

- Арманым -  дұрыстап демалу және кішкене болса да өзім үшін өмір сүру.

Орысша нұсқасын мына жерден оқыңыз

Сурет nfcapital.kz сайтынан алынған

1192 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Жұлдыз FM
Қосылған күні: 30 қаңтар 2012, 17:17
Пікірлер
+0
30 қаңтар 2012, 18:04

"8 жасымда мен Вальтер Скотт, Майн Рид, Джек Лондонның шығармалар жинағын оқып шықтым." )) Болар бала...

+0
31 қаңтар 2012, 09:35

Соңғы сөзі ұнап қалды. Адам баласы, әуелі, өзі үшін өмір сүру керек (өз ойым)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Түс туралы не білеміз?
Түс туралы не білеміз?

Келесі кезекте, түс жайлы қызықты фактілерді келтіремін

Моана
Моана

Жаңадан шыққан Диснейлік мультфильм балалар жүрегін жаулап алды.

Автор: Medina Musa
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)

Әншейінде күзгі аспанға ұқсап тұнжырап жүретін қарттың ерекше ықтиярлы болып...

Ақ қайың
Ақ қайың

Менің үшінші әңгімем...

Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....
Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....

Қызықты кітап оқығыңыз келіп жүрсе, оқып шығыңыз....

Автор: Ayazhan Muhatay

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...