Оқи отырыңыз

Болмысты да, болмасты да,
Болады деп арманда!

Автор: Мұқағали Мақатаев

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Румидің нақыл сөздері

Румидің нақыл сөздері

Румидің нақыл сөздері

Массагет оқырмандарын осы күнге дейін планетамызға әйгілі адамдардың нақыл сөздерімен таныстырып келгенбіз. Сол дәстүрдің жалғасын үзбей, бүгін назарларыңызға 13 ғасырда ғұмыр кешкен ұлы ойшыл ақын Мәулана Румидің насихатын ұсынамыз.

  • Тірі кезіңде өл, өлместен бұрын тіріл.
  • Біреудің сөзін қайталау түсінгендіктің белгісі емес.
  • Достыққа дұшпандық қылғандар адам оңбас.
  • Ақылды адамдармен дос болыңыздар. Ақымақ дос ақылды дұшпаннан да қауіптірек екенін біліңіз.
  • Өлген соң мені молалардан іздемеңіздер, ғалымдардың жүрегінен іздеңіздер.
  • Өз жаныңыздың бар мүмкіндіктерін бағалап, қадіріне жетуге тырысыңыздар.
  • Ғылымды сөз арқылы үйренсек, өнерді тәжірибе арқылы игереміз.
  • Кейбір нәрсе қарапайым адамға мыс болып көрінгенімен, қадіріне жететін адам оның алтын екендігін біледі.
  • Бұл әлем құдды тау сияқты. Біздің істеген істеріміз сол тау арасындағы айқайға ұқсайды. Ал содан шығатын жаңғырық біздің ісіміздің қайтарымы іспетті.
  • Адам баласының көңіл-күйі өзгергіш болады. Дегенмен жұртшылық ол сезімдерін өзі басқара алмайды. Егер адам баласы өз өзгерісінің себебін анық біле алмаса, қалайша өзін-өзі танымақ?
  • Мысалы он адам бір үйге кіруге талпыныс жасаса, оның тоғызы ғана мақсатына жете алуы мүмкін. Қалған бір адам "тағдыр солай" деп, қол қусырмай, өз кемшіліктерін іздегені жөн.
  • Ғылымды үйрету үшін алдымен соны түсінетін орта керек. Қанша ақылды сөздер айтылғанымен, ол сөз жетім қалса, одан не пайда?
  • Құлақ, ауыз, мұрын секілді фигуралар бірігіп адамды құрайды деп айтып жүрміз. Олай болса, сол фигуралар ескерткіште де бар ғой...
  • Ерік, жігерің мен күшің барда еңбек қыл. Сонда қазынаға тап боларсың.
  • Адам баласының тәнінің хайуаннан айырмашылығы жоқ. Тек дене рахатының соңынан қууға ұялыңыз. Жан рахаты қараңғыдағы жарқыраған күн іспетті сізді бақытты етер.
  • Жаңа нәрсеге қол жеткізгің келсе, пайдасыз ескі нәрселерден құтыл.
  • Біреудің қайғысының үстінен бақыт құру мүмкін емес.
  • Ақылсыз адам қайғысын тілінің кесірінен жиып алады.
  • Қайғыға тап болсаңыз, пайдасыз балағаттаудың орнына одан шығудың жолын іздеңіз.
  • Отбасындағы ер мен әйел тең дәрежеде қарым-қатынаста болуы керек.

 

сурет: hojja-nusreddin.livejournal.com

2444 0
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 11 сәуір 2012, 09:15
Пікірлер
+0
11 сәуір 2012, 10:36

"Адам баласының көңіл-күйі өзгергіш болады. Дегенмен жұртшылық ол сезімдерін өзі басқара алмайды. Егер адам баласы өз өзгерісінің себебін анық біле алмаса, қалайша өзін-өзі танымақ?" Руми адам жаратылысын түсінбей кеткен болса, менің адам болмысын ұқпауым дұрыс екен )

+0
11 сәуір 2012, 17:55

Құлақ, ауыз, мұрын секілді фигуралар бірігіп адамды құрайды деп айтып жүрміз. Олай болса, сол фигуралар ескерткіште де бар ғой... Сезімсіз болғанымыз - ескерткіш екеніміздің дәлелі екен...

+0
11 сәуір 2012, 17:56

Соңғы нақыл дұрыс айтылған деп санаймын!

+0
11 сәуір 2012, 18:02

"Адам баласының тәнінің хайуаннан айырмашылығы жоқ. Тек дене рахатының соңынан қууға ұялыңыз. Жан рахаты қараңғыдағы жарқыраған күн іспетті сізді бақытты етер."-деген қатарда былайша айтқанда "Нәпсіңді тый"дегенге келтіріп тұр ғой, дұрыс айтыпты.......

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Сіз жарнамалаушысыз
Сіз жарнамалаушысыз

Cіз білесіз бе?! Күн сайын қанша рет жарнама жасайсыз?

Автор: Қара Бала
Қыз деген мэр болушы емес, жар болушы жаратылыс
Қыз деген мэр болушы емес, жар болушы жаратылыс

Қадірлі де әділ снаушы оқырман! Бұл менің толғанысым. Мен ешкімді ренжітіп,...

Ақыл деген қасиет...
Ақыл деген қасиет...

Менімен жастылар болашақ мамандыққа юристті таңдайды. Өйткені бұл мамандық...

Cізге тән мамандық қандай?
Cізге тән мамандық қандай?

психологиялық тест арқылы өзіңізге тән мамандықты анықтап алыңыз...

Өмір кезеңдері
Өмір кезеңдері

Өткінші өмір...


Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...