Оқи отырыңыз

Егер гүлдерде жүрек болса, ең үлкен әрі мықты жүрек бәйшешекте болар еді.

Автор: Сатыбалды Нарымбетов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Юрий Гагариннің өмір жолы

Юрий Гагариннің өмір жолы

Юрий Гагариннің өмір жолы

Порталымыздың тұрақты оқырманы Абзал Сариевтің өтініші бойынша, ғарышқа алғаш ұшып, күллі адамзатты батылдығымен таң қалдырған Юрий Гагарин жайлы әңгімелемекпіз.

Юрий Алексеевич Гагарин 1934 жылдың 9 наурызында Ресейдегі Смоленск облысының Клушино ауылында дүние келген. Бірінші сыныпқа 1941 жылы барған ол неміс оккупациясының әсерінен 1943 жылы ғана оқуын жалғастырды. Осылайша 6 сыныпқа дейін мектеп табалдырығын тоздырып, одан соң, кәсіптік училищеге түсіп, білім алуын жалғастырды.

Гагарин 1951 жылы Саратовтағы индустриалды техникумға түсті. Сонымен қатар, аэроклубқа барып жүрді. Осылайша бір жылдан соң, алғаш рет Як-18 ұшағына отырып, ұшу бақытына ие болды. 1957 жылы Орынбордағы ұшқыштар училищесіне түсті. Кейінірек медициналық тексеруден өткеннен кейін, 1960 жылы ғарышкерлікке кандидат атанды.

1

Ю.А. Гагарин мен ғарыш кемесінің конструкторы С.П. Королев. Байқоңыр, 12 қазан, 1964 жыл.

1

 

1961 жылы оның өмірінде ерекше оқиға орын алды. Осы жылдың 12 сәуірінде Гагарин  «Восток» кемесімен ғарышқа ұшып, жерді айналып шықты. Осы батылдығы үшін ғарышкерге Хрущевтың нұсқауымен майор атағы берілді. Жерге орала салысымен, оны сән-салтанатпен күтіп алып, мақтау мен мадақтаудың астында қалдырды. Кейін Чехословакия, Болгария, Финляндия, Англия секілді мемлекеттерге саяхат жасап, көрген-білгендерімен бөлісіп, ел-жұртты аралады.

1

Бөлінбелі аппарат. Гагарин осы аппараттың ішінде отырып, атмосфера қабатына түскен еді

 

Кейінірек «Союз-1» кемесінде Владимир Комаровтың дублері болды.

1968 жылдың 27 сәуірінде УТИ МиГ-15 ұшағы апатқа ұшырап, борттағы Юрий Гагарин мен полковник Владимир Серегин қаза тапты. Оның туған қаласы қазіргі таңда өзінің есімімен аталады.

сурет: sarahfobes.com, hrono.ru

64760 8
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 03 сәуір 2012, 16:06
Пікірлер
+0
03 сәуір 2012, 17:43

Абзалдың тілегі айтылып еді, уаля!)))

+0
03 сәуір 2012, 17:46

шесть секунд қой :mrgreen:

+0
03 сәуір 2012, 17:49

"Юрий Алексейұлы ГАгарин бар ма шығатындар?" десем автобус кондукторы құсап :mrgreen:

+0
03 сәуір 2012, 18:01

:D РАХМЕЕЕТ! Керемет крутой боп қалдым ғой! Мақала керемет!

+0
03 сәуір 2012, 18:04

сонда өтініш жазады ма.?

+0
03 сәуір 2012, 18:12

сіз де өзіңізді қызықтырған сұрақтарды қойсаңыз болады

+0
03 сәуір 2012, 18:05

Абзал енді анау Серегин туралы сұрап жүрмесін)))

+0
03 сәуір 2012, 18:20

жыным келсе сұрап жіберем) Мен анау алтын балық ұстап ап ем, сол ғо тілектерді орындап жатқан! Тағы 2еуі қалды :)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Біз тұратын Еуразия сыры
Біз тұратын Еуразия сыры

оқып көріңіз бәлкім білмейтін шығарсыз

"ДенсаулықKZ" арнасы

Елімізге десаулық жайлы арна керек пе?

Автор: Ұлжан Лайық
Аспанға қараңызшы...
Аспанға қараңызшы...

Мен аспанға қарап отырмын. Сіз де қараңызшы...


Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...