Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Махатма Гандидің нақыл сөздері

Махатма Гандидің нақыл сөздері

Махатма Гандидің нақыл сөздері

Қадірлі Массагеттің оқырмандарына 20 ғасырдың ұлы саясаткері Махатма Гандидің қанатты сөздерін ұсынамыз.

Алдымен аз-кем тарихқа саяхат жасайық. Ганди 1869-1948 жылдары өмір сүрген, Индияны Ұлыбританиядан азат ету үшін күрескен ғасыр адамы. Бұл кісінінің ұлылығы сол - азаттық үшін күресте  бір тамшы қан төкпей, ешқандай агрессиясыз елін егемендікке қарай алып шықты. Отыз жыл бойы осы мақсатта жүріп-тұрған ол елі тәуелсіздік алған соң, бір жылдан кейін қайтыс болып, жер қойнауына кете барды. Адамшылық қағидаттарынан үлес алғысы келетін оқырмандарды мына нақыл сөздерге назар аударып, ой толғауға шақырамыз.

  • Алтын, күміс секілді тастарға бағалылық беріп тұрған нәрсе - оны өнідру жолындағы еңбек қана.
  • Адам бойындағы асыл қасиеттерді дамыту үшін алдымен батылдық керек. Батылдық болмаса, адам баласы қалайша ақиқат іздейді, қалайша махаббатты қорғайды?
  • Мәселе ар мен ұятқа таянғанда көпшілік дауысы арқылы шешім қабылдау дұрыс емес.
  • Ұлттың ұлылығы мен кеудесінің кеңдігін олардың жан-жануарларға деген қарым-қатынасына назар салып-ақ байқауға болады.
  • Жер бетіндегі бейбітшілік пен тыныштықты қаласақ, алдымен сәбилерге назар аударуымыз керек. 
  • Әлемнің өзгеруін қаласаң, сол өзгерудің алғашқысы өзің бол.
  • Болашағыңның өзгеруін қаласаң, сол өзгерісті тап қазір жаса.
  • Шынайы өмірде ішкі проблемаларыңмен бетпе-бет келген кезде дін жайлы білімдерің адыра қалып, түкке тұрғысыз болып көрінеді.
  • Кез келген адам қаласа, өзінің ішкі дауысын ести алады. Ішкі дауыс кез келген адамда болатынына сеніңіз.
  • Жеттім, толдым деген адамның дамуы тоқтап, міндетті түрде кері кетуі басталады. 
  • Шын махаббат қайтарым талап қылмайды.
  • Көкірегі кең, өз ісіне сенімді кішкене дененің әлем тарихын өзгертуге қауқары жетеді.
  • Әлемнің кеңдігі сол - барлық мұқтажды жарылқай алады, тарлығы сол - дүние қуып, көзін шел басқан сараңды ешқашан қанағаттандыра алмайды.
  • Біз тыңдаймыз, бірақ үнсіз қалу үшін емес. 
  • Мақсатыңды тап, ресурс табылар.
  • Адам баласын құрдымға апаратын нәрселер мыналар: принципі жоқ саясат, ұжданнан жұрдай болып  тән рахатына бөлену, жұмыссыз байлық, мінезсіз білім, моральсіз бизнес, адамгершіліксіз ғылым...
  • Өтірікші шындығына келгенде өзін-өзі алдайды. 
  • Кешіру мықтылардың ісі. Әлсіздер кешірімді бола алмас.
  • Құдайды іздеген адамда дін жоқ.
  • Зорлық-зомбылықпен келген жеңіс жеңіліспен пара-пар. Бұндай жеңістің ғұмыры қысқа.

 

сурет: liveinternet.ru

8751 7
Рейтинг: +1

Қосылған күні: 02 сәуір 2012, 18:47
Пікірлер
+0
02 сәуір 2012, 19:11

Әлемнің өзгеруін қаласаң, сол өзгерудің алғашқысы өзің бол. деген сөзі танымал

+0
02 сәуір 2012, 22:04

Мына сөздерді распечатка жасап, холодильникке жапсырып қою керек! (с) :mrgreen:

+0
02 сәуір 2012, 22:28

Шын махаббат қайтарым талап қылмайды, мен де осыған сенемін, шіркін, жай ғана адамның өмірде бар болғаны ғана үшін ғашық болса ғой, әрине ол да мені солай жақсы көрсе ғой, ештенені талап етпей :!:

+0
02 сәуір 2012, 23:05

Адам баласын құрдымға апаратын нәрселер мыналар: принципі жоқ саясат, ұжданнан жұрдай болып тән рахатына бөлену, жұмыссыз байлық, мінезсіз білім, моральсіз бизнес, адамгершіліксіз ғылым...жаксы айткан оте магыналы

+0
03 сәуір 2012, 00:22

Осы сөздерді алға қойып, өмірде кез-келген жетістікке жетуге болады ;)

+0
02 наурыз 2013, 20:21

абайдың сөздеріне жетпейді! :idea:

+0
05 шілде 2013, 11:56

"Көкірегі кең, өз ісіне сенімді кішкене дененің әлем тарихын өзгертуге қауқары жетеді". "Кішкене дененің" Үндістанды өзгертуге қауқары жетті!!!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Түс туралы не білеміз?
Түс туралы не білеміз?

Келесі кезекте, түс жайлы қызықты фактілерді келтіремін

Моана
Моана

Жаңадан шыққан Диснейлік мультфильм балалар жүрегін жаулап алды.

Автор: Medina Musa
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)

Әншейінде күзгі аспанға ұқсап тұнжырап жүретін қарттың ерекше ықтиярлы болып...

Ақ қайың
Ақ қайың

Менің үшінші әңгімем...

Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....
Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....

Қызықты кітап оқығыңыз келіп жүрсе, оқып шығыңыз....

Автор: Ayazhan Muhatay

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...