Оқи отырыңыз

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Альберт Эйнштейннің өмір жолы

Альберт Эйнштейннің өмір жолы

Альберт Эйнштейннің өмір жолы

Жылдар жылжыған сайын биіктей беретін ғасыр адамдарының бірі - данышпан Альберт Эйнштейн 1879 жылдың 14 наурызында кедей еврей отбасында дүниеге келді. Алғашқы білімін Мюнхендегі католиктік шіркеуде алды. Бұл мектепте оған барынша діни түсініктерді таңуға тырысса да, оның кейін ғылыми кітаптарға ынтызары ауып, ақыры ғылым жолына бет бұрады. 

Гимназияда оқып жүрген кезде, Альберт қиын оқушылар қатарына жатқызылып, оның тәртібі туралы мұғалімдер арасында көп әңгіме жүрді. Мұғалімдермен пікірталастыруға бейім тұратын ол математика мен латын тілі пәнінен басқа сабақтарға салғырт қарап, жеткілікті деңгейде көңіл бөлмей оқыған.

Осылайша, болашақ ғалым 1895 жылы Цюрихтегі Политехникумге оқуға түсуге әрекет жасап көреді. Дегенмен, сол жолы бағы жанбай қалып, оқу табалдырығын аттай алмайды. Келесі жылы қайта бағын сынап, сол жерде білім алуға кіріседі. Ғылым мен техникаға бейім Альбертке бұл жер әлбетте, ұнады. Білім ала жүріп, осы оқу орнында өзінің болашақ жары Марич Милевамен танысады. 

Оқуын аяқтаған соң, Альберт біраз уақыт бойы тұрақты жұмыс орнын таба алмай әуреге түссе де, өзінің ғылыми ізденістерін тоқтатпай, жалғастыра береді. Осылайша, 1901 жылы өзінің алғашқы "Капилярлылық теориясының салдары" атты мақаласын жариялайды. Тура төрт жылдан соң, 1905 жылы барлығымызға аян салыстырмалылық теориясы жұртшылыққа таныстырылады. Осы жылы Эйнштейннің 3 атышулы мақаласы жарық көреді. Бұл теория ол кезде "арнайы салыстырмалылық теориясы" деп аталған еді. 10 жыл өткен соң, жалпы салыстырмалылық теориясы пайда болып, барлығымызға белгілі күйге енді. Басқаша айтсақ, осы жылдары Энштейн бүкіл ғылымды дүр сілкіндіріп, теориялық физиканың жаңа дәуірін бастап берді. 

1921 жылы ғалым Нобель сыйлығына ие болады. Гитлер билік басына келгеннен кейін, 1933 жылы Германиядан біржола кетіп, АҚШ-қа көшеді. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталған соң, Эйнштейн бейбітшілікті көп насихаттауға бет бұрып, өмірінің соңын осы АҚШ-та өткізіп, сол жерде дүние салады.

Оны білетін жұрт өте кішіпейіл, жайдары жан болғандығын айтады. Өте абыройлы ғалым болса да, өзінің де қателесуі мүмкін екендігін әрдайым мойындап, диалогтан еш қашпаған.

сурет: kinoshechka.com

18472 7
Рейтинг: +1

Қосылған күні: 28 наурыз 2012, 18:30
Пікірлер
+0
28 наурыз 2012, 19:02

қалайша осынша данышпан бір тапсырғанда политехникумге өтпей қалды? :o

+0
28 наурыз 2012, 19:31

соған уайымдаймын деп данышпан боп кеткен ғой)

+0
28 наурыз 2012, 19:54

1985 жылы Цюрихтегі Политехникумге оқуға қалай түседі егер 1955 жылы қайтыс болса :lol:

+0
29 наурыз 2012, 10:09

1895 жыл ғой )

+0
28 наурыз 2012, 22:59

Энштейн ібіліспен тілдескен дейді ғой. Сол рас па екен :?:

+0
30 наурыз 2012, 04:09

Осы пікірді сіздің құлағыңызға ібіліс сыбырлап айтты-ау шамасы... :mrgreen:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

СОҢҒЫ ЫСҚЫРЫҚ
СОҢҒЫ ЫСҚЫРЫҚ

Футбол, ЕУРО-2016

Әр қазақ менің жалғызым!
Әр қазақ менің жалғызым!

Шетелдегі қандастарымыз туралы, қазақтың қошы-қон саясатының олқылықтары жайлы

Мен де адаммын!
Мен де адаммын!

Атымды адам қойған соң, Қайтіп надан болайын?

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...