Математиканы жақсы көруге 5 себеп

Математиканы жақсы көруге 5 себеп
Фото: talent.kz

Математиканы барлық оқушы бірден түсініп, жақсы көре қоймайды. Өйткені, математика ойлауды, уақытты керек етеді. Дегенмен, математиканы да жақсы көруге болады.

1-себеп: Біртектілік
Қазан көтерілісі елдің даму үрдісіне қалай әсер етті? Құнанбай неге Қамқа мен Қодардың өліміне себепкер болды? Әр қилы жауап беруге болады. Тұжырым мен болжамдар да жеткілікті. Математикада ғана нақтылық пен өзгермейтін заңдылық бар.
Мысалы: 3х + 4х = 7х.Әрқашан. Кеше де, 50 жыл бұрын да, дағдарыс орын алған шақта да осылай болған және ол өзгермейді.

2-себеп: Ойлау жүйесіне әсері:
Бала тек санап білсе ғана оның ойлау жүйесі дамиды деп тұжырым шығару қателік. Жылдам ойланып қана қоймай, шешім қабылдау және өзге де дағдыларды қалыптастыру үшін бала математиканың қыр-сырын меңгеруі тиіс. Санап, қосу-азайту бұл бастамасы. Тригонометрия, логарифм секілді есептеу амалдары қиын есептерді жеңілдету үшін ойлап табылған. Бірақ, біз керісінше қабылдаймыз.

Себеп – 3. Тәжірибеде қолдануға болады:
Бағдарламалау, инженерия және өзге де техникалық салаларда математика өзінің септігін тигізеді. Үйлер есепсіз салынбайды. Тіпті ғаламтор алаңында әр сайттың өзіне тән аймағы да есеп бойынша іске асады.

Себеп – 4. Алгоритм арқылы жұмыс істеуге үйретеді:
Математиканы жаны сүйетіндер бір әрекетті қайта жасай отырып, нәтиженің әр түрлі болатына үміт артпайды. Мысалы, күнделікті алгоритм бойынша әріптесіңіз кофе дайындады. Бірақ, кофе дайындайтын құрылғы жүмыс істемеді. Егер әріптесіңіздің математикаға қабілеті жоғары болса, ол нәтижесіз алгоритмді қайталағаннан өзге нәтиже алу мүмкін емес екендігін бірден ұғар еді.

Себеп-5. Шешім қабылдау:
Егер сіздің қолыңызда n теңге болса, ал, демалу үшін  n + 20 000 теңге қаражат керек болса, математиктер арзан шығатын нұсқаны таңдайды. Өйткені, біріншіден, математика саналы салыстыру жүйесін үйретсе, екіншіден, математикалық шынайылық бәрібір қолымыздың жетпейтінін дәлелдейді. 

Мысалы, мына есепті қарап көріңіз: А қаласында 100 бала өмір сүреді. В қаласында 300 бала бар. Қалалардың ара-қашықтығы – 10 км. Ара-қашықтықты жақындату үшін қай қалаға мектеп салу  керек. Бұл жерде математика саласының маманы В деп жауап берер еді. Өйткені, ара-қашықтықты қысқарту мүмкін емес. Бірақ, 300 бала бар қалаға мектеп салу шығындарды қысқартады.

Т. Есқали