Жаңа әлемге жол ашатын 8 тренд #1

Жаңа әлемге жол ашатын 8 тренд #1
Фото: www.metronews.ru

1. Виртуальды әлем барлығын біріктіреді: 
Жақында виртуалды әлемде кино, кітап, сериал мен ойындарға біріктіре білген жаңа жобалар жарық көреді деп күтілуде. Сонымен қатар, нейрондық жүйені меңгеруге деген қызығушылық жыл санап артып келеді.

Виртуальды әлемнің бөліктерін кино саласына бет алып бара жатқанын байқауға болады.

Виртуальды әлем кино, ойын және білімнің арасындағы шекараларды бұзады. Яғни, бір уақыттың ішінде сіз бір тұтас әлемнің ішіне енсіз.  Қазір тек авторлар қолданып жүрсе, болашақта қолданушылар саны артады дейді зерттеушілер.

Оның бәрі қалай жүзеге асады? Басыңызға киетін VR-шлемі сіздің нейрондық жүйең арқылы шлемде бағдарламаға қосылады. Шынайы әлемнен еш айырмасы болмайды.

Әрине, роботтарды адамдарға қарағанда шынайы құрастыру оңайырақ. Адамдар жасанды екені байқалып тұрады. Бірақ, бұл сұрақтың жауабы болашақтың еншісінде.

2. Жүргізушісіз көліктерді қолдануға шектеуді алып тастау керек пе?
Жүргізушісіз автокөліктерді құрастыру барысандағы жетістіктерге қарамастан оны қолдану аясы артар емес. Көптеген елдер бұл көлікті қолдануға рұқсат бермей отыр. Тіпті, рұқсат берген жағдайдың өзінде құрастырушылардың өзі мәселелерге тап болып жатады. Мысалы, Джордж Хоцтың мына бейнажазбасына мән беріңіз. Ол «Comma One» құрылғысын ұсынды. Оны қарапайым көлікке орнату арқылы жүргізушісіз көлікке айналдыруға болады.

Дегенмен, Джордж биліктен рұқсат ала алмады. Өйткені, олар оның құрылғысының қауіпсіз екенін растамаған. 

3. Жасанды интеллект техносфераны өздігінен құрайтын болады.

AS

Суретте берілген төрт кабелді орнатқыштың алғашқысы адамның қолы арқылы жасалған, ал, кейінгілері компьютерлік жүйені іске қосу арқылы жасалған. Дегенмен, компьютерлік жүйе арқылы жобаланған технологияның салмағы бастапқымен салыстырған 75% жеңіл, 50% орынды аз алады. Адам келесі деңгейге өтуі тиіс.

Жасанды интеллект жобалық жұмыстарды жүргізу барысында пайдаланатын ресурстарды үнемдеу мен экологиялық мәселелердің шешімін табу барысында септігін тигізеді.

4. Бастапқы дағдылардың ескіруі:

XX ғасырда зиялы қауымның міндеті адамзатты оқу мен жазуға үйрету болды. Кейін, оларды инженерлік технологиялар бойынша жұмыс жасауға үйрете бастады. Бұлар түрлі маман саласына сәйкес дағдыларды қалыптастырды.

XXI ғасырдың басында ғаламшардың көп бөлігі еркін оқып, жазып, есептей алатын болды. Бірақ, бұл дағдылар келе жатқан жаңа әлемде өмір сүру үшін жеткіліксіз.

Ғалымдар болашақта белгілі бір сала бойынша қызмет ететін адамдардың қатары кеміп, кем дегенде 3 саланы жетік меңгерген адамның жолы болады деп болжап отыр. Мамандықтан гөрі, олардың қолынан келетін істің бағасы артады дейді.

Т. Есқали