Польшада білім алғысы келетіндер үшін

Польшада білім алғысы келетіндер үшін
Фото: Nice-Places.com

2015 жылғы 15 қыркүйектегі Польша Республикасы Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Үкіметі арасындағы білім саласындағы ынтымақтастық туралы Келісімнің шеңберінде Польша Республикасы 2017-2018 оқу жылына польшалық мемлекеттік жоғары оқу орындарында бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша поляк тілінде оқуға қабылдау туралы хабарлайды.

Құжаттар 2017 жылғы 30 сәуірге дейін қабылданады. Үміткерлерге Академиялық біліктіліктерді мойындау және халықаралық алмасу бюросының веб-сайтында орналасқан анкетаны поляк тілінде және ағылшын тілінде толтыру қажет.

– еркін нысандағы шетелде оқуға негіздеме-өтінім (қазақ немесе орыс тілінде);

– төлқұжаттың көшірмесі;

– шетелге оқуға кетуші Қазақстан Республикасы азаматының толтырылған анкетасы (қосымшадағы нысанға сәйкес);

– шетелге шығушылар үшін 082/у нысанындағы медициналық анықтама (қосымшадағы нысанға сәйкес);

– орта білім туралы аттестаттың көшірмесі;

– бағалармен бірге сертификаттар мен дипломдардың көшірмелері;

– 2 профессордан ұсыным хат (магистратура және докторантура үшін);

– үміткердің ғылыми жобасы қабылдаушы мекемеде орындалуы мүмкін екендігін растайтын жоғары оқу орынымен немесе таңдалған ғылыми ұйымның қызметкерімен берілген келісім (докторантура үшін);

– басқа құжаттар (шет тілін меңгергендігін растайтын сертификаттар және басқа да құжаттар).

Факультеттер мен оқу орындарының тізімі сайтында орналасқан.

Құжаттар құжат тігілетін мұқабаға тігілуі тиіс. Мұқаба бетінде міндетті түрде аты-жөні, мекен-жайы, телефон нөмерлері, оқу елі, мамандығы көрсетілуі тиіс.

Құжаттар файлдық мұқабада 2 данадан (1 түпнұсқа, 1 көшірме) және 1 СD-диск 1 данада болуы керек және олар толық жинақталған жағдайда ғана келесі мекен-жай бойынша қабылданады: Астана қаласы, сол жағалау, Орынбор көшесі 4, «Алтын Орда» бизнес орталығы, 5 қабат, 504 кабинет. Байланыс телефон нөмерлері: +7(7172) 24 93 73; 24 93 87; 24 93 88.

Г. Берік