Ғылым ордасында «Көктем сазы» атты ән кеші өтеді

Ғылым ордасында «Көктем сазы» атты ән кеші өтеді
Фото: www.voxpopuli.kz

2017 жылдың 2 наурыз күні сағат 18.00 «Ғылым ордасы» РМК концерт залында алғыс айту күніне арналған «Көктем сазы» атты ән кеші өтеді. Кештің ұйымдастырушылары: ҚРБҒМ, «Ғылым комитеті», «Ғылым ордасы» РМК, Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясы. Ән кешіне халықаралық және республикалық сайыстардың лауреаттары, ұстаздар, магистранттар мен студенттер қатысады. 

Бағдарламада Қазақстан және шетел композиторларының шығармалары мен күйлері орындалады. Фортепианада сүйемелдейтіндер: Н. Кулакова, Е. Яновец. Концертке БАҚ өкілдерін шақырамыз. Келемін деушілерге есік ашық! 

Ж. Жұмағұлов