«Астана» футбол клубы ақындар арасында байқау жариялады

«Астана» футбол клубы ақындар арасында байқау жариялады
Фото: Астана ФК Баспасөз қызметі

Бүгінгі таңда қазақ тіліндегі футбол тақырыбында жазылған өлеңдер соншалықты көп емес. Ал, жалпы спорт тақырыбындағы поэмалар жоқтың қасы. «Астана» футбол клубы қазақ тілін спорттық салада насихаттау мақсатында арнайы байқау жариялайды. 19 қаңтар мен 1 ақпан аралығында «Астана» футбол клубының жеңістері мен ойыншылары, бапкерлер құрамы туралы өлең немесе поэма жазып, қысқы маусымға арналған киім үлгілерін (команда логотибімен бас киім, шарф-барскарф, клубтық олимпейка) ұтып алыңыздар! Дайын жұмыстарыңызды nesterenko@fca.kz  электронды поштасына жіберулеріңіз сұралады!

Байқау жеңімпазын клубымыздың шығармашылық тобы анықтайтын болады. Ең үздік деп танылған өлеңдер мен поэмалар «Астана» клубының ресми сайты мен әлеуметтік желілердегі парақшаларына жарияланатын болады. Байқау идеясының авторы – танымал қазақстандық спорт журналисі Нұрғазы Сасаев.

М. Оңғарова