Массагет порталы түйіндеме қабылдауды жалғастырады

Массагет порталы түйіндеме қабылдауды жалғастырады
Фото: massaget.kz

2011 жылдан бері танымдық бағытта жұмыс жасап келе жатқан Massaget.kz порталы редакциядағы екі бос орынға байқау жариялап, сан түрлі тақырыпта мақала жаза алатын жас тілшілерді жұмысқа шақырған болатын. 

Ниет білдірушілер 9 тамызға дейін "Не үшін Массагет порталында жұмыс істегім келеді?" тақырыбына эссе жазып, түйіндемесімен бірге massaget.kz@gmail.com электронды адресіне жолдаулары керек еді. Яғни, бүгін түйіндеме қабылдау тоқтатылуы тиіс болатын.

Бүгінге дейін 30-ға жуық жас тілшілерден түйіндеме келіп түсті. Алайда, сайт редакциясына хабарласып: "хабарландыруды дер кезінде естімей қалдық, тағы аздаған уақыт қоссаңыздар, ертең жіберсем үлгереме бе?" деушілердің де қарасы көп болды. 

Осыған орай, біз, редакция мүшелері ақылдасып, үміткерлердің талап-тілегін ескере келе, түйіндеме қабылдау уақытын тағы 3 күнге созуды жөн көрдік. Себебі, біз Массагет тілшісі атанғысы келетін кез келген жанға мүмкіндік бергіміз келеді. Кім біледі, біздің болашақ әріптесіміз бұл хабарды енді ғана оқып отырған шығар?! Алайда, кіл мықтының ішінен ең мықтысын ертерек анықтау үшін байқауымызды да уақытылы бастамыуымыз керек. Сондықтан, тамыздың 12-сі күні сағат күндізгі 12:00-де түйіндеме қабылдау тоқтатылады. Бұны естен шығармаңыздар! 

Ал байқау жайлы толық ақпаратты (талаптары, шарттары, кезеңдері) мына жерден оқи аласыздар. 

Іске сәт! Массагет порталы сіздерді күтеді!

Қосымша ақпарат алу үшін 8 701 455 10 93, 8 702 244 84 14 нөмірлеріне хабарласа аласыздар.

Е. Жұмабайұлы